Теңге.Монета және қағаз ақша.
Математика
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Көбейту және бөлу. Есептер
Тақырып:
Теңге.Монета және қағаз ақша.
18.03.2020
1183
30
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 2.1.3.6. 50тг,100тг тиындарды , 200 тг ,500тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасау. |
Сабақтың мақсаты: | 50тг,100тг тиындарды , 200 тг ,500тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасау. |
Тілдік мақсаттар: | монета, ұлттық ақша. |
Күтілетін нәтиже: | Оқушылар ақшамен әр түрлі операциялар жасауды үйренеді. |
Бағалау критерийлері: | Берілген сұрақтарға жауап беруге тырысады, Математикалық ұғымдарды өздігінен қолдана алады; монета, қағаз ақшаларды қолдана отырып, өздігінен есептеулер жүргізе алады және есептер шығара алады; |
Құндылықтарды дарыту: | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/monetalar-kupyuralar https://imektep.kz/kz/enbek https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/poehziya/lesson/7-abai-qunanbai-uly-hylym-tappai-maqtanba# |
Пәнаралық байланыс: | Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу |
Бастапқы білім: | Сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін қолданады.Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы |

https://imektep.kz/kz/enbek - видеороликті тамашалау.

Сабақ мақсатымен танысады: «Монеталарды ажыратуды және олармен әртүрлі амалдар орындауды үйренемін.»

Видеоролик пен сабақ мақсатының байланысын анықтайды. Оқушылар шеңберге тұрып, сандықшадан монеталар мен қағаз ақшаларды алу арқылы екі топқа бөлінеді Практикалық жұмыс «Қағаз ақша » тобындағы оқушылар қарсы «Монета»топ оқушыларынан 1000 теңгені,500 теңгені,200 теңгені монеталарға ұсақтайды.Алдарында жатқан тақырыптық суреттермен жауаптарын тексереді. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/monetalar-kupyuralar

Ұлттық ақша

https://imektep.kz/kz/enbek

Сандықша, ақша үлгілері

Сабақтың ортасы |

ҰЖ

-Қазақтың ұлттық ойыны туралы не білеміз?- сұрағына жауап береді. Әр топ ұлттық ойын атаған сайын 5 теңге, 10теңге, 20 теңге, 50теңге, 100теңгелік монеталар нақ пішіні алып отырады.Жиналған монеталарын санайды.

МТ

Қазақтың ұлттық ойыны - «Теңге ілу»

«Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.»

Оқулықпен жұмыс

Жеке жұмыс

2 тапсырма

Сырым мен Әлия «Теңге ілу» ойыны көруге келді.Ойыншылар аттың үстінде шауып келе жатып жердегі теңгені іліп алуы тиіс.Монеталарды атау. 10тг, 20тг, 50 тг, 100тг.

Жұппен жұмыс

-Әр баланың неше монетадан бар?

- Әр балада неше теңге бар?

- Қайсысының онетасы бәрінен артық?

- Қайсысының ақшасы бәрінен аз?
| Оқулық, оқушылардың әрбір тобы үшін-5 теңге, 10теңге, 20 теңге, 50теңге, 100теңгелік монеталар нақпішінінің жиынтығы; ламинатталған парақтар мен маркерлер. |
Сабақтың соңы |

ТЖ

Оқушылар «2 монета+2 ақша» болып жаңа топтар құрады.

Дәптермен жұмыс

Есептер шығару 1 топ Әмиян 100 тг және 50 тг 4 монета бар.Барлығы неше теңге? 2 топ Санжарда 300 тг бар.Ол 50 теңгеліктен 2 монета және бір 100 тг алды. Санжарда неше тг қалды?

| ламинатталған парақтар мен маркерлер. |
Рефлексия |

Аяқталмаған сөйлем :

- Бүгін мен білдім...

- Мен үйрендім .....
| https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/monetalar-kupyuralar |
Пікірлер(0)