Жауынгердің тұлғасы
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Адамның сырт келбеті мен мінезі
Тақырып:
Жауынгердің тұлғасы
10.03.2020
150
14
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесі | Оқушылардың Ұлы Отан соғысы, туған елі мен жері үшін күрескен жауынгердің ерлігі туралы білімдерін тереңдете отырып, автор Бауыржан Момышұлы туралы кеңінен мәлімет беру. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу. |
Күтілетін нәтиже; | Мәтіннен Бауыржан Момышұлы туралы мәлімет ала отырып, жауынгердің іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқушылардың өзіндік көзқарасы, проблемалық сұрақтарды шешу арқылы жинақтау дағдысы дамиды. |
Әдіс-тәсілдер; | "Лезде сұрақтар", "Білім қоржыны", "Микрофон" әдісі, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, түсіндіру, топтау. |
Сабақтың көрнекілігі: | Интерактивті тақта, білімленд |
Пәнаралық байланыс: | Әдебиет, тарих, өмірмен байланыстыру. |
Сілтеме; | 5-сынып "Қазақ тілі" оқулығы, ғаламтор мәліметтері Бауыржан Момышұлы туралы бейнефильм, білімленд |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
І.Ұйымдастыру кезеңі (4 минут) |
1. Оқушылармен амандасу / үш тілде/
2. Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назарын аудару. Көңіл-күйлерін сұрау.
3. Оқушыларды ортаға шығарып, шеңбер құру. Гүл шоғын беру арқылы бір-біріне тілек айтқызу.
Оқушыларды санау арқылы 4 топқа бөліп отырғызу. Топтың атын қою.
І топ. Батыр
ІІ топ. Жеңіс
ІІІ топ. Ерлік
Мұғалім мен оқушылар арасында өзіндік түсінік қалыптасады.
Шеңбер құру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Лездеме сұрақтар» (7 минут) |
Енді балалар "Лездеме сұрақтар" әдісі тақия кигізу арқылы сан есімдерді еске түсіріп, қайталау жасайық.
1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2.Сан есім дегеніміз не?
3.Қандай сұрақтарға жауап береді?
4.Құрамына байланысты нешеге бөлінеді?
5.Дара сан есім дегеніміз не?
6.Күрделі сан есім дегеніміз не?
7.Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
8.Қандай атап шық?
Енді сендермен ойын ойнайық.
1.Дұрыс, дұрыс емес!
2.Артығын алып тастау.
3.Тест.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында bilimland сайтына кіріп видео қарап, жаттығу жұмыстарын, деңгейлік тапсырмаларды орындап ережені түсінеміз. Шапалақ ұру арқылы топ бірін-бірі бағалайды. Үш шапалақ! Жарайсыңдар!
"Лездеме сұрақтар" әдісі.
https://imektep.kz/kz/game#true_false-1426
https://imektep.kz/kz/game#recycle_bin-472
Топпен жұмыс жасайды
III.Ой қозғау. (3 минут) |
Оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты суретті интербелсенді тақтадан көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжату.
«Ассоциативтік қатар» негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту:
*Балалар суретте кімді көріп тұрмыз? • Бүгінгі сабағымызда кім туралы айтамыз деп ойлайсыңдар? Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі. Сабақ тақырыбын болжайды. Мысалы:
1. Бауыржан Момышұлы кім?
2. Б.Момышұлы қай жылдары өмір сүрді?
3. Б.Момышұлы неше жыл әскер қатарында болды?
4. «Жауынгер тұлғасы» әңгімесі қандай кітаптан алынған үзінді?
5. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылады?
6. Б.Момышұлы қай жерде дүниеге келген?
7. Б.Момышұлы соғысқа дейін қандай қызмет атқарды?
8. Биыл Жеңіс күнінің неше жылдығын атап өтеміз?
9. Б.Момышұлының қандай шығармаларын білеміз?
Бауыржан Момышұлы ...
Мұғалім оқушылармен бірге айтылған ойларды қорытындылап, тақырыптың қорытынды бейнесін анықтайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Жауынгердің тұлғасы» екендігін айтады.
Б.Момышұлы суреті.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өткен материалды естеріне түсіреді. Жаңа материалды меңгеруге дайындалады.
IV.Жаңа сабақ (10 минут) |
Жаңа сабақты жалғастыра отырып, Б.Момышұлының айтқан әңгімесі бойынша «Жауынгердің тұлғасы» бейнефильмге көңіл аударамыз. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар орындаймыз. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастыру.
Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазамыз.
Наурыздың алтысы
Сынып жұмысы
Жауынгердің тұлғасы
«Жаңа сөздер сандығы» - айдары
Саябыр тауып тынар емес – бәсеңдемеді
Лейтенант – әскери атақ
Батальон – әскери бөлім
Топпен жұмыс жасайды
Сергіту сәті (2 минут) |
«Қара жорға» |
https://www.youtube.com/watch?v=VFQXpXxvBv0
V.Өткен материалды бекіту А.Мұғалімнің көмегімен Ә.Оқушының өз бетімен жұмыстануы (10 минут) |
Топтық жұмыс. Конверт алу арқылы ішіндегі тапсырмаларды орындау.
1-топ. «Бейбіт өмірдегі батырлық» Суреттер арқылы қазіргі кездегі адамдардың жасап жатқан ерліктері туралы ой қозғау.
2-топ. «Жеңіс хаты» эссе жазу. Соғыстың біткеніне 75 жыл толуына арнап, ата-бабаларына хат жолдау
3-топ. «Сандар сөйлейді». Бауыржан Момышұлының өмір баяны жайлы сан есімдерді қатыстырып баяндап береді.
| massaget.kz сайты, 5 сынып «қазақ тілі» оқулығы. Конверт алу арқылы ішіндегі тапсырмаларды орындау |
VI. Қорытындылау (3 минут) |
Жұптық жұмыс «Микрофон» әдісі. -Ұсынылған мәселе бойынша оқушыларға өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беріледі. Сыныпқа микрофон жіберіледі. Қолына микрофонды алған оқушы талқылауға ұсынылған мәселе бойынша нақты және қысқаша түрде өз ойын айтады, қорытынды жасайды
-«Жауынгердің тұлғасын» кім жазған?
-Бауыржан Момышұлы кім?
| «Микрофон» әдісі. |
VII.Рефлексия (1 минут) |
«Білім қоржыны»
Қоржын тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздерінің есімдерін стикерлерге жазып, өздері қалаған қоржынға орналастырады.
VIII. Үйге тапсырма (1 минут) |
1.Шығарманы оқып, батырдың тұлғасына мінездеме жазып, мазмұнын әңгімелеп келу. 102 бет 6 тапсырма | Үй тапсырмасын тиянақты орындап келеді. |
IХ. Бағалау (1 минут) |
Оқушылардың білімдерін «Бағалау парақшасы» арқылы бағалау. Әр топ өз тобының сабаққа белсенді қатыса білген оқушыларды бағалайды. Сау болыңыздар! / үш тілде/ | Оқушылар бағалану арқылы ынталанады. |
Пікірлер(0)