Рационал сандар тарауына есептер шығару
Рационал сандар тарауына есептер шығару
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 6.1.2.9 координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу; 6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру; 6.1.2.13 таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау; 6.1.2.14 рационал сандарды азайтуды орындау; |
| Сабақтың мақсаты: | – оқушылардың рационал сандарды тану білік дағдыларын, білімдерін жинақтау, жүйелеу. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқытудың тілдік мақсаты – рационал сандарға амалдарды қолдану мағынасын түсінеді; Бөлім бойынша лексика мен терминология -координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу; -рационал сандарды салыстыру; -таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу; -рационал сандарды азайту; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - координаталық түзуде 0 санының оң жағында орналасқан сандар ..... - координаталық түзуде 0 санының сол жағында орналасқан сандар ..... - бір-бірінен таңбасымен өзгешеленетін сандар ......сандар. - кез-келген теріс сан нөлден .......... - кез-келген оң сан нөлден....... - екі теріс санның қосындысы .......... сан; |
| Күтілетін нәтиже: | – оқушылардың рационал сандарды тану білік дағдыларын, білімдерін жинақтайды, жүйелей біледі. - оқушылар есептерге талдау жасай біледі; - есептің шығару жоспарын құра білу, қорытынды жасай білуге үйренеді. -өз бетімен және ұжымда жұмыс істей біледі; - математикалық ой-өрісін кеңейтеді. |
| Бағалау критерийлері: | - Координаталық түзуде рационал сандарды кескіндейді; - Рационал сандарды салыстырады; - Таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындайды; - Рационал сандарды азайтуды орындайды; |
| Құндылықтарды дарыту: | Қарым-қатынас жасау қабілеті,өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау құндылықтары 1-ші тапсырма арқылы іске асырылады. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интерактивті тақста, интернет ресурстары (сайттар, есептер), таратпа материалдар, Аctivstudio |
| Пәнаралық байланыс: | Бейнелеу өнері |
| Бастапқы білім: | қарама – қарсы сандар координаталық түзуде кескіндей білу; рационал сандарды салыстыра алу; таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуа білу; рационал сандарды азайту орындай ала білу. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (5мин) |
- оқушылардың назарын шоғырландыру үшін (bilimland) рационал сандар тарауынан тест тапсырмалары алынады. 1. Қандай сан оң санға да теріс санға да жатпайды? А) 0; B)1; C)-1; D) 2. 2. Кез-келген теріс сан нөлден .......... А) үлкен; B)кіші; C)тең; D) тең емес. 3. Екі теріс санның қосындысы .......... сан А) теріс; B)кіші; C)үлкен; D) оң. 4. -7,8-ге қарама-қарсы сан А) 0; B)7; C)7,8; D) 8 5. Модульдерін салыстырыңдар │-8│ бен │5│-тің А) │-8│>│5│; B) │-8│ < │5│; C) │-8│ = │5│; D)│ -5│ > │8│ 6. Тура теңсіздікті көрсет А) -4>-1; B) -5>0; C) -7<-5; D) 4<-8. 7. -8,5<x<-7,25-тің бүтін сан мәнін табыңдар А) -7; B)-7; C)-8; D)8. - Оқушылар жұптасып рационал сандар және оларға амалдар қолдану арқылы оқу мақсатын анықтайды. - оқушылар тақтадағы қызыл, жасыл және сары стикерлерді таңдап алу арқылы топқа бөлінеді. Күтілетін нәтиже: - Қарама – қарсы сандар координаталық түзуде кескіндей алады; -Рационал сандар және оларға амалдарды қолдана алады; |
Қима қағаз |
|
Сабақтың ортасы (27мин) |
1-тапсырма Координаталық түзуде кескіндеу. 1 топқа Координаталық түзуде А(-1); В(-3); С(2); D(4); Е(2,5); F(-1,5); G(3/4); H(-3,5) нүктелерін кескіндеңдер. Дескриптор: Білім алушы - нүктелерді координаталарымен жазады Оқушылар координаталық түзуде берілген нүктелерді кескіндейді. «Түсіндірме арқылы бағалау» әдісі арқылы бағаланады. 2-тапсырма «Сыйқырлы айна» әдісі. 2 топқа Мына сандардың әрқайсына қарама-қарсы санды жазыңдар: -1; -2,9; 3,8; 0; -3,25; -5.
Дескриптор: Білім алушы - қарама-қарсы сандарды табады. «Ауызша» өзара бағаланады 3- тапсырма «Кім жылдам» әдісі. 3 топқа сандарды салыстыру. -4,35*4,3 -8 1/4*-7 3/4 6,81*-6,9 -7/15*-5/9 -5/13*2/3 0,9*1 Дескриптор Білім алушы - таңбалары бірдей рационал сандарды салыстырады; - таңбалары әр түрлі рационал сандарды салыстырады Бағалау дескриптор арқылы өзін өзі бағалау |
Үлестірмелі материал |
|
Сабақтың соңы (6мин) |
Оқушылар рационал сандарға амаладарды қолдану арқылы есептерді шығару арқылы үйді құрастырады. -2,3+4,7; 3-(-4,3); -5,7+8,2; 8,9-12; 7,34+6,5; -4,5+6,2; -2,4+7; -8,3+2,5. Дескриптор: Білім алушы - таңбалары бірдей рационал сандарды қосады; - таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосады; - өрнектің мәнін табады. |
Үлестірмелі материал |
|
Рефлексия (2мин) |
Оқушылар өздері орындаған тапсырмаларына қарап бағдаршам әдісі бойынша көңіл күйлерін білдіреді. Қызыл түс- мен ештеңе түсінбедім; Сары түс- маған әлі де түсініксіздеу; Жасыл түс- маған бәрі түсінікті. |
Қима қағаз |
Пікірлер(0)