Көмектес септігі

Шниязова Гулдариға Муратбековна
Шниязова Гулдариға Муратбековна
Ақтөбе
Ақтөбе
Копинская средняя школа
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Қоршаған ортаны қорғау
Тақырып:

Көмектес септігі

25.02.2020
46
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

4.4.2.3 – зат есімді септеу, тəуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Сөйлемнен көмектес септік жалғаулы сөздерді таба алады.

Көптеген оқушылар: Өз пікірін дəлелдей алады.

Кейбір оқушылар: Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.  

Тілдік мақсаттар:

Өз пікірін дəлелдеп айтып бере алады. 

Күтілетін нәтиже:

Көмектес септігінің сұрақтарын ажыратады.


 

Бағалау критерийлері:

  Көмектес септігінің жалғауларын біледі.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу. 

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Электронды тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану 

Бастапқы білім:

Шығыс септігі.  

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Шұғыл SMS (хабарландыру)…» әдісі.

1)Қазақ тілінде неше септік бар?

2) Ілік септіктің сұрақтарын ата?

3) Барыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болады?

4) Жатыс септік жалғауларын ата

5) Шығыс септіктегі зат есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?

6) Шығыс септік жалғауларын атаңдар?

Жұмбақ шешу

Кенжесімін бүгінде

Кіммен, немен жүремін

-мен,-бен,-пен жалғауы

Осы болды таңдауым

-Балалар бұл қай септік туралы айтылып тұр?

-Көмектес септік -Бүгін біз көмектес септік туралы өтеміз. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау  

Көңілді əуен қосып қою

Мақал-мəтел жазылған қима қағаздар   

Сабақтың ортасы

68-жаттығу. (Ұ; Т) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Қарамен жазылған сөзге сұрақ қою арқылы олардың қай септікте тұрғанын анықтау.

ҚБ: (мадақтау, қолдау сөздер айту);

Жаңа ақпарат. Көмектес септіктегі зат есімдер кіммен? немен? кімдермен? нелермен? деген сұрақтарға жауап береді. Көмектес септігі атау септіктегі сөзге -мен, -бен, -пен жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды көмектес септік жалғаулары деп атайды.

69-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.(ЖЖ) Сөйлем мүшесіне талдау.

Дескриптор: Бір-біріне түсіндіре отырып, сөйлем мүшесіне талдайды. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын анықтайды.

ҚБ:Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

70-жаттығу. (Ө) Мəтінді түсініп оқу. Оқулықта берілген мəтінді оқып, оған ат қою.Кесте бойынша көмектес септігі туралы ой қорыту.

КБ:Берілген сөздерге көмектес септік жалғауының əртүрлі жалғану себебін түсіндір

ҚБ: оқушылардың жауаптарына, іс-əрекеттеріне бақылау жүргізіп, белгілеп алу арқылы бағалау;

71-жаттығу. (Ө) Өлеңді көшіріп жазу.

Дескритор: Ұйқасына лайық сөзді қойып, өлеңді қатесіз көшіріп жазады. Шығыс, көмектес септіктегі сөздерді табады. Көмектес септіктегі сөзді сөз құрамына талдай алады

ҚБ: мұғалімнің жазбаша кері байланысы;.

ҚБ: «Бас бармақ әдісі» əдісі арқылы Оқушылар бір-бірінің өзіндік жұмысын тыңдап, бас бармақ смайликрерімен бағалайды.

«Жасыл» түс – негізгі ойды түсініп, мазмұнын толық ашқан.

«Сары» түс – мазмұнын ашқан. Əңгіме жүйелі құрылмаған.

«Қызыл» түс – мазмұнын толық ашпаған. Тақырыптан ауытқыған.  

Оқулықпен жұмыс

№3 дəптермен жұмыс   

Сабақтың соңы

«Баскетбол» ойыны арқылы көмектес септік туралы білімдерін бекіту. көмектес септікте тұрған сөздерге допты лақтыру

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату  

Рефлексия

Рефлексия «Көбелекті гүлге қондыр» әдісі.

Үйге тапсырма: 73-жаттығу. (Т) Жағдаяттан шығу. Берілген жағдаятты мұқият оқып, мазмұнын талқылау  

Тиімді кері байланыс орнату

Пікірлер(0)