Лабиринт. Виртуалды лабиринт
Лабиринт. Виртуалды лабиринт
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | • Орындаушылар мен жүйелік командалар мысалдарын келтіру; • Алгоритмді ауызша түрде ұсыну |
| Сабақтың мақсаты: | алгоритмді ауызша түрде ұсыну; лабиринттан өту үшін бағыт құру |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар алгоритмді өту алгоритмін суреттей алады Диалог пен хатқа арналған пайдалы сөздер: Егер… (шарт), онда … Аталмыш мәселені шешу үшін мен … Ұсыныстарды таныстру үшін мен келесіні таңдадым … Менің бағдарламам келесі командалардан тұрады … |
| Бағалау критерийлері: | алгоритм анықтамасын тұжырымдау алгоритмді ауызша түрде ұсыну орындаушылар мен жүйелік командалар мысалдарын келтіру оңтайлы бағыт табу |
| Құндылықтарды дарыту: | Өмір бойы оқу, бірін бірі бағалау |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Презентация, бейнеролик |
| Пәнаралық байланыс: | Логика, математика |
| Бастапқы білім: | Осы сабақ алдында оқушылар нені білді және нені білу қажет? (негізгі , фактілер, формулалар, теориялар) Қолданыстағы білімді қалай жетілдіруге болады? |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (7 мин) |
Ұйымдастыру сәті Оқушылармен амандасу, қатысушыларды тексеру Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа 16 сөз бар үлестірмелі қағаз беріледі. Соның ішінде тек «Алгоритм» тақырыбына қатысты 8 сөзді анықтайды. Қалған сөздердің бас әріптерінен сөз құрастыру қажет |
презентация https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritm-zhane-atqarushy-uhymy |
|
Сабақтың ортасы (20 мин) |
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын құру Оқушылардан лабиринтті қайда кездестіргені туралы мысал келтіруін сұрау. Лабиринт – түрлі өткелдер мен жолдар арқылы берілген шатасқан күрделі құрылым. Виртуалды лабиринт желі арқылы түрлі өткелдер мен қиылыстарды, кедергілерді өту бойынша берілетін ойындар топтамасында, балалар ойындарында көптеп кездеседі. «Тілек айту». - Балалар, біздің машинамыздың жанармайы бітіп қалуға жақын. Бір-бірімізге тілек айтып, бакқа жанармай құйып алайық. Бірінші тілекті былай деп бастаймын... Жорамал жауап: бүгінгі сабақта белсенді болуына тілектеспін. Оқушылар бір-біріне тілек айтады. Соңғы оқушы тілегін айтып, кішкентай машина өзіме қайтарады. - Ал енді жолға шығайық. Бағдаршамның қызыл шамы жанып тұр. Жасыл шам жанғанша, тауыққа, қоянға, динозаврға көмектесіп, мына тапсырманы жұппен орындайық. -Тапсырманы тексеру үшін, басқа жұппен алмасамыз. - Бәріне көмектестік. Жарайсыңдар!!! Міне жасыл шам да жағылды. Ары қарай жылжыйық. Сергіту сәтін өткізу. |
|
|
Сабақтың соңы (10 мин) |
Практикалық жұмыс Оқушыларға алгоритімді жазу барысындағы тестілеудің қажеттілігін түсіндіріңіз. Мұғалім жұмысты бақылайды. Алгоритмнің дұрыстығын тексеру үшін, тапсырманы орындаған соң тексереміз.. Қате табылған жағдайда оны бірлесе отырып дұрыстаймыз. Нәтижесін сыныппен талқылаймыз.. |
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/algoritm-turleri |
|
Рефлексия (3 мин) |
Оқушыларға сабақта өткен білімді еске түсіруді ұсыну Оқушылармен ең қиын болған сабақ бөлімін талқылаңыз |
Пікірлер(0)