Жомарттық пен кеңпейілділік

Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Бакеева Турсынгуль Дошниязовна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская СШ №3
Өзін-өзі тану
Сынып:
3- сынып
Бөлім:
Адам болам десеңіз
Тақырып:

Жомарттық пен кеңпейілділік

18.02.2020
86
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

Білімділік: оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділік ұғымдарын мейірімділік қасиеті арқылы түсіндіру; Дамытушылық: оқушыларды айналасындағы адамдарға қайырымды іс жасауға баулу; Тәрбиелік:оқушыларды жомарт , кеңпейіл болуға тәрбиелеу.  

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі алатын орнын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Тілдік мақсаттар:

Адамдармен сыпайы сөйлесу , өз ойын ашық , батыл айтуға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

оқушылардың бойындағы дұрыс әрекет құндылығының жарыққа шығуына ықпал ету

Бағалау критерийлері:

оқушылардың құндылық бойынша пікірлері бағаланады

Құндылықтарды дарыту:

Дұрыс әрекет құндылығын жарыққа шығару

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Жағымды көңіл-күй орнату , топпен ән айту бөлімдерінде компъютер қолданылады

Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі , әдебиеттік оқу , музыка , бейнелеу

Бастапқы білім:

жомарттық , кеңпейілділік ұғымдары туралы түсініктері бар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.5Т қадағалау.Жағымды күйге келу.

Сабақтың ортасы

Үй тапсырмасын тексеру:Е.Өтетілеуұлының «Жомарт» әңгімесін мазмұндау және талдау: -Нұрланның кеңпейілділігін қандай іс-әрекетінен білуге болады? -кеңпейілді болудың мәні неде? -жомарт адамды қандай қасиеттерінен тануға болады? -өзіңнің жомарттық көрсеткен кезің болды ма? -қандай қайырымды іс жасадыңдар? -қандай жағдайда кеңпейілділік таныттың?Дәйексөз «Адамның қадірлісі-жомарт кісі» Ж.Баласағұни 2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу , бірге қайталау.Дәптерге жазу. 

Әңгімелеу Қарны аш балаларды тамақтандарған адам туралы әңгілеу және талдау:- тамақтанып отырған адам кімдерді көрді? -ол не істеді? -бұл адамның қандай қасиеттерін байқадыңдар? -өздерің осындай жағдайды кездестірдіңдер ме?Не істедіңдер? -сен қандай жомарттық таныттың? -біреудің қайырымды ісі туралы баяндап бере аласың ба? 

Шығармашылық жұмыс Топтық жұмыс.Тапсырма:жүректің суретін салып , жомарт адамға тән қасиеттерді жазу.

Топпен ән айту Біз өмірдің гүліміз әнін бірге орындау.




 

 

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: №23 сабаққа 107 беттегі Қ.Толыбаевтың «Менің Отаным» әңгімесін оқып және мазмұндап келу.

Рефлексия

Соңғы тыныштық сәтi:Аяқ-қолымызды айқастырмай , түзеліп отырып , бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздер мен істерді жүрегімізге сақтап алайық.Әрқашан жомарт , кеңпейілді болайық.Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Пікірлер(0)