Кеңістіктегі векторлардың координаталары
Кеңістіктегі векторлардың координаталары
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу; |
| Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: кеңістіктегі вектордың координаталарын анықтайды және ұзындығын табады |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: кеңістіктегі вектордың координаталары, кеңістіктегі вектордың ұзындығын кеңістіктегі вектордың координаталары мен ұзындығын табу үшін үш өлшемді кеңістіктің терминдерін пайдаланады, тапсырмаларға байланысты сәйкес талдау жасайды Вектор координаталары-coordinates of vector Вектордың абсолюттік шама-Absolute value of vector Вектордың модулі-Vector module |
| Күтілетін нәтиже: | Оқушылар кеңістіктегі вектордың координаталарын анықтайды және ұзындығын табады |
| Бағалау критерийлері: | • кеңістіктегі вектордың белгісіз координаталары табылған • вектордың ұзындығы дұрыс табылған |
| Құндылықтарды дарыту: | Оқушылардың есеп шығару барысында бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Жұптық тапсырмаларды орындау барысында ынтымақтастық пен жауаптылық сезінеді. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақтаPower Point бағдарламалары, Bilimland.kz сайты |
| Пәнаралық байланыс: | Алгебра ,қазақ әдебиеті |
| Бастапқы білім: | Жазықтықтағы векторлар |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы (8.45-8.55) |
Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.(интерактивті тақта арқылы)Тақтада берілген тапсырмаларға сәйкес дұрыс жауапты жапсыру арқылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған сурет шығады.(Абайдың өлеңдерін жатқа айтылады. ) |
|
|
Сабақтың ортасы (8.55-9.10) |
Өткенді қайталау (Презентация бойынша) Жаңа сабақ. Кеңістікте Oxyz тікбұрышты координаталар жүйесі берілсін. Әр оң жарты остерде координата басынан бастап бірлік векторлар алайық. Абсцисса осіндегі бірлік векторды , ордината осіндегі векторды және аппликата осіндегі бірлік векторды символдарымен белгілейік. , , векторлары координаталық векторлар деп аталады. Бұл векторлардың компланар еместігі айқын. Сондықтан кез келген векторын координаталық векторларғажіктеуге болады: , x, y, z жіктеу коэффициенттерінің анықталуы жалғыз. Координаталық векторлар арқылы векторын жіктеудегі x, y және z коэффициенттер векторының берілген координата жүйесіндегі координатасы деп айтылады. Кеңістікте векторларға қолданылатын барлық координаталық амалдардың ережелері дәл жазықтықтағы ережелер сияқты орындалады. Вектордың ұзындығы. Егер , онда бұл вектордың ұзындығы: . https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/stereometriya/kengistiktegi-koordinatalar-men-vektorlar/ Төмендегі мысалдар қарастырылады. 1-мысал. Егер А(2; -3; 4), В(-5; 2; -6 болса, онда (АВ ) ⃗ векторының координаттарын табыңыз. 2-мысал. векторының ұзындығын табыңыз. 3-мысал. Егер векторының басы (5; 4; -1) нүктесі болса, онда вектордың ұшының координаталарын табыңыз. |
|
|
Сабақтың соңы |
Сабақты қорытындылау. Кері байланыс алу. • Сабақта тақырып түсінікті болды ма? • Сабақта шығарылған есептерді өз күшіңмен шығара алдыңыз ба? • Тапсырмаларды орындауда қиындықтарға кезіктіңіз бе? Қандай қиындықтар болды? • Сабақтың соңындағы көңіл-күйіңіз Үй жұмысы:Бүгінгі сабақта өтілген тақырыбымызды нақтылау мақсатында келесі тапсырмасы беріледі. №25.1,0 25.14 |
|
|
Рефлексия |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Пікірлер(0)