Алуан түрлі ғаламшарлар
Алуан түрлі ғаламшарлар
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 2.4.2.2 - Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру; 2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру; |
| Сабақтың мақсаты: | Барлығы: Күн жүйесіндегі ғаламшарларды біледі.Күн жүйесінің үлгісін жасауды жоспарлайды. Көпшілігі: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ұқсастығын , орналасуын салыстырады. Кейбірі: Ғаламшарлардың орналасуын, олардың ерекшелігін ажыратып, ресурстарды пайдаланып жоспар арқылы ғаламшар үлгісін жасайды және таныстырады. |
| Тілдік мақсаттар: | Оқушылар Жер мен Күннің өздеріне тән байланыстарын сипаттап айтады, жердің табиғи серігін атайды. Пәнге қатысты лексика терминология Ғаламшар, Жер, Күн , жұлдыз , шар осі табиғи серік , жасанды серік, орналасу реті қашықтық уақыт, Күн жүйесі. Диалогка жазылған қажетті тіркестер Жер ғаламшарының пішіні қандай? |
| Күтілетін нәтиже: | Топқа бөліну арқылы ынтымақтастыққа , зерттеу жұмысы арқылы жауапкершілікке, өзара бағалау арқылы қашықтық құндылығын дарыту |
| Бағалау критерийлері: | Ғалымшарлардың ерекшеліктерін , ұқсастығын, орналасуын салыстырады. Ең үлкен және ең кіші ғаламшарды ажыратады. Ғалымшарларды екі топқа бөледі , атауларын жазады. Ермексаз көмегімен күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасуы моделін жасайды. |
| Құндылықтарды дарыту: | Топқа бөліну арқылы ынтымақтастыққа , зерттеу жұмысы арқылы жауапкершілікке, өзара бағалау арқылы қашықтық құндылығын дарыту. |
| АКТ-ны қолдану дағдылары: | Бейнежазба «Ғаламшарлар » |
| Пәнаралық байланыс: | Дүниетану, көркем еңбек, математика |
| Бастапқы білім: | Ғаламшарлар қалай орналасқандығын біледі. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі «Ғарыш әлеміне саяхат». Аспан - аспан арайлым, Қызыға саған қараймын. Сені көзбен шоламын, Көктің жүзін барлаймын. Топқа бөлу... Мозайка ойыны Оқушылар 4 топқа бөлінеді 1-топ: Күн 2-топ: Ай 3-топ: Жер 4-топ: Ғарыш |
|
|
Сабақтың ортасы |
Оқулықпен жұмыс: (60-61 бет оқу) 1. Оқып шығу 2. Ғаламшарлардың күн жүйесіндегі реттерін қайталап шығу. - Оқушылар қазір бізді сыртымыздан өзге ғаламшарлық бақылап тұр екен. Оның сендерге қоятын сұрақтары бар екен. Ендеше өзге ғаламшарлықты шақырайық. (Т)Зерттеу жұмыстарын жүргізу 1 топ Ғаламшарлардың ерекшеліктерін ажыратады. Дескриптор: -Ермексаз көмегімен күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасу моделі дұрыс жасалған. Ғаламшарлардың күн жүйесінде орналасу ерекшеліктерін дұрыс ажыратқан -Анық және түсінікті таныстырылды. 2 –топ Ғаламшарлардың ұқсастығын анықтайды Дескриптор: -Ермексаз көмегімен күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасу моделі дұрыс жасалған ; -Ғаламшарлардың ұқсастығы дұрыс анықталған; -Анық және түсінікті таныстырылды. 3-топ Ғаламшарлардың орналасуын салыстырады Дескриптор: -Ермексаз көмегімен күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасу моделін дұрыс жасалған. -Ғаламшардың орналасуын дұрыс салыстырды. -Анық және түсінікті таныстырылды. 4-топ Ең үлкен ғаламшардың суретін салу, жарнамалау. Дескриптор: -Ең үлкен ғаламшардың суретін салады, жарнамалайды. Өзара бағалау (Топ бір-бірін бағалайды) Кері Жарайсың! Сергіту сәті « Әлем қандай тамаша!». |
|
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс. «Зымыран» Бүгінгі сабақ ұнаса жасыл түс орташа сары түс ұнамаса қызыл түс |
|
|
Рефлексия |
Барлығы: күн жүйесі ғаламшарлардың ретін біледі. Көпшілігі: күн жүйесіндегі ғаламшарларды салыстыра сипаттайды, ажыратады. Кейбірі: бақылау жүргізудің жоспарын құрып, ғаламшарларды зерттейді, өз жұмыстарын дәлелдейді. |
Пікірлер(0)