Киіз үй- ата-бабамыздың баспанасы / Есептер шығару
Математика
Сынып:
2-сынып
Бөлім:
Сандық және әріптік өрнектер. Теңдеулер
Тақырып:
Киіз үй- ата-бабамыздың баспанасы / Есептер шығару
13.02.2020
643
6
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | 2.1.2.4. 2,3,4,5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану. 2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру /кемітуге; айырмалық салыстыруға, еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру. |
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың барлығы: 2,3,4,5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құрып, қолданады; Санды бірнеше есе арттырып /кеміте алады; Оқушылардың көпшілігі: еселік салыстыруға берілген есептерді талдайды және шығарады; Оқушылардың кейбірі: кері есептерді құрастырып және салыстырады. |
Тілдік мақсаттар: | Пәнге тән лексика мен терминология: есе артық Диалог: - есе арттыру деген сөзді қалай түсінесің? |
Күтілетін нәтиже: | санды бірнеше есе арттырады /кемітеді ; кері есептерді құрастырады және салыстырады. |
Бағалау критерийлері: | 2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру /кемітуге; айырмалық салыстыруға, еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру. |
Құндылықтарды дарыту: | Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, қазақтың қолөнерін дәріптеу. Ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеу. Өз бетімен білім алуға ұмтылатын тұлға қалыптастыру. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта |
Пәнаралық байланыс: | жаратылыстану |
Бастапқы білім: | Есептер шығару |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы (5 мин) |
Мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! -математика сабағына қош келдіңдер! -Көбейту кестесін барлығын білесіңдер ме? -Енде қаншалықты білетіндеріңді дәлелдейсіңдер! -Сәттілік тілеймін! Қолдарыңнан келетініне сенемін ! Жеке жұмыс «Мен білемін!!!» -Тексереміз. Кімде дәл осылай? -Жарайсыңдар! -Қандай тақырыппен танысамыз екен? -Алдымызға қандай мақсат қоямыз? | |
Сабақтың ортасы (30 мин) |
<p>-Балалар, экранға назар аударыңдаршы! -Бұл сөздердің ненің бөліктері? Киіз үй- ата-бабамыздың баспанасы Киіз үй- мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және жайлы баспанасы. Ол тез құрылып,тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады.Киіз үйдің негізгі бөліктері: кереге,уық, шаңырақ, есік. Топқа бөлу. Ережемен таныстыру Т- талқылаймыз О- ортақ шешімге келеміз П-пікірлесеміз Т-тыңдаймыз А- ақылдасамыз Топтық жұмыс. Мақсаты: Берілген әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың 2,3,4,5-ке көбейту және бөлу кестесі бойынша алған білімдерін тиянақтау. ТЖ «Бірлігіміз жарасқан » Есепте. Жауаптарын өсу ретімен орналастырып, киіз үйді құру ретін атаңдар. 1.Кереге, 2. Шаңырақ, 3.Уық, 4.Есік 5.Киіз </p><p>Жұпқа бөліну Жұптық жұмыс.«Сен-маған, мен-саған»ойыны Кері есептер құрастырып, оларды шығарады. Бір түйеге 3 ц жүк артуға болады. 15 ц жүкті тасу үшін неше түйе қажет? Шешуі: 15ц:3ц =5түйе Жауабы: 5 түйе </p><p>Дәптермен жұмыс ҚБ Ж.Ж. Оқу мақсаты 2.5.1.4 санды бірнеше есе арттыру /кемітуге ; еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару Бағалау критерийі Білім алушы: Еселік салыстыруға берілген есептерді шығарады; Оқу дағдыларының деңгейі: Қолдану Тапсырма: Есепті шығар. Кілем- 6 дана ? дана Көрпе-? дана, 2 есе арт </p><p> Топтық жұмыс №4, бет-83 «Абайла!» Қатені тап! Бір оқушыға жауабымен өрнек, 2 Уақытқа постер сәйкестендіру. </p> | |
Сабақтың соңы (3 мин) |
Үйге тапсырма №3 /ә 83-бет | |
Рефлексия (2 мин) |
Рефлексия «Бас бармақ» Мақсаты: оқушылар сабақ бойынша түсінгендерін бағалау. | маркер, стикер |
Пікірлер(0)