Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу. Көлік түрлерінен жиын құрастыру
Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу. Көлік түрлерінен жиын құрастыру
| Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу. Көлік түрлерінен жиын құрастыру | Математика және дүниетану пәндері кіріктірілген сабақ жоспары 2.4.1.3 жиындар мен олардың элементтерін диаграммада белгілеу; элементтердің жиынға жиындардың бірігуіне және қиылысуына тиістілігін анықтау 2.1.4.3 көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату 2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу. Көлік түрлерінен жиын құрастыру (12.12.2019 ж) |
Математика және дүниетану пәндерін кіріктіру арқылы жоспарланған сабақ . • Жағымды орта қалыптастыру Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, әрі жарық, мейірімді, Болып кетер сонда менің жан – жағым. Оқушылар бүгін бізде ерекше күн! Себебі бізге қонақтар келді. Ол кісілерімен амандасып, қонақжайлығымызды танытайық. Әріптестер, қонақтар, біздің сабағымызға қош келдіңіздер! • Ширату тапсырмасы: Үй тапсырмасы •Ортақ тақырып көлемінде пікірлесу • Сабақ мақсатын жариялау |
слайд 1,2 |
|
Сабақтың ортасы (34 мин) |
Жиынды біріктіру және бөліктерге бөлу Бейнежазбаны тыңдау, тамашалау https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/zhiyn-zhane-onyng-ehlementteri-zhane-tangbalary-zhiynnyng-qiylysuy-men-birigui?mid=f06a9644-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe Жаңа білімді бекіту сұрақтары: қандай жиын пайда болды? қандай гүлдерді бір жиынға біріктірді? Оқулық тапсырмаларын орындау Жұптық жұмыс: 1 –тапсырма. Мына суреттерден жиын біріктіріп, жиын атауын қой, әріппен белгіле Дескриптор: Берілген қималардан жиын біріктіру Жиынның атауын жазып, әріппен белгілеу 2-тапсырма. Жиынды қарастыр. Оны екі жиынға бөлуге бола ма? Әр жиынның элементтерін анықта. Оларға атау бер. Дескриптор: Жиынды бөліктерге бөлу Жиын атауларын жазу Сергіту минуты (Сынып оқушыларынан жиын құрастыру) Қандай қима артық қалды? Ол не ? Олардан жиын құрастыруға болады ма? Оны қалай атауға болады? Бір сөзбен қалай атауға болады? 3-тапсырма. Көлік туралы не білеміз? Көлік деген не? Қандай көліктерді білесіңдер? Ертеде адамдар нелерді көлік ретінде қолданғанын білесің бе? МЕТРО туралы мәлімет Автобуска міну түсу туралы жадынама Топтық жұмыс 4-тапсырма. Көлік жиынын біріктіру. Дескриптор: Берілген қима суреттерден көлік жиынын біріктіру, атауын жазу Жиынға жалпы баға беру. Жақсы тұстарын айту Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы 5-тапсырма. Өрнектің мәнін тап. Мәндерінен жиын құрастыр 40 + 50 = 17 + 10= 45 – 42= 89 – 80= 95 – 50= 100 – 90= 80 – 60 = 15 – 12= |
Қима суретте
Тікұшақ, ұшақ, көлік, автобус, кеме суреттері Слайд -3 Көлік суреттерінен қималар Плакат, желім, маркерлер ҚБ дәптері |
|
Сабақтың соңы (3 мин) |
Сабақты қорытындылау. Бағалау Кері байланыс: Жетістік критерийі Үй тапсырмасын белгілеу Сабақты аяқтау |
Бағалау смайликтері Төрт түсті қарындаш Слайд |


Пікірлер(0)