теңдеу
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Тақырып:
теңдеу
13.02.2020
427
5
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): |

1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу

Сабақтың мақсаты: |

Барлық оқушы бiлугe тиiстi: Таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді іріктейді, шешеді. Көптeгeн оқушы бiлугe тиiстi: қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдеу құру үшін әріпті өрнектерді қолданады. Кeйбiр оқушы бiлугe тиiстi: қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді шығарады, дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар: |

Теңдеуді шешу, теңдеудің түбірі Пәнге тән лексика мен терминология: теңдеу, бөлік, бүтін, белгісіз қосылғыш, белгісіз азайғыш. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркесі:Таразының сол жақ, оң жақ табақшасындағы заттың массасын қалай білуге болады?

Күтілетін нәтиже: |

Бағалау критерийлері: |

- таңдап алу тәсілі көмегімен теңдеуді шешеді. - қосу мен азайту амалдарының байланысына сүйеніп шешімін табады.

Құндылықтарды дарыту: |

Ашықтық- дүкенде сауда жасаған кезде Еңбек пен шығармашылық- текшені пайдаланған кезде

АКТ-ны қолдану дағдылары: |
Интербелсенді тақта, видеотүсіндіру.

Пәнаралық байланыс: |

Сауат ашу- термин сөздерді дұрыс пайдалану

Бастапқы білім: |

Теңдік, теңсіздік, тура және тура емес теңсіздік, әріпті өрнек, санды өрнек.

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (0-3минут) |

Зейінің шоғырландыру. «Дүкенде»ойыны М:Қайда келдің? О:Дүкенге келдім М:Дүкеннен не аласың? О: еттартқыш аламын (оң қолымен ет тартқандағы қимылды көрсету) М:Қайда келдің? О:Дүкенге келдім М:Дүкеннен не аласың? О:Доп (сол қолымен допты секіртудегі қимылды көрсету) М:Қайда келдің? О:Дүкенге келдім М:Дүкеннен не аласың? О: велосипед (аяқтарымен велосипед тебудегі қимылды көрсетеді) М:Қайда келдің? О:Дүкенге келдім М:Дүкеннен не аласың? О: не сатып аларымды білмей отырмын? (Басын оңға, солға қимылдату) М: біз не сатып алдық? О: Еттартқыш, доп, велосипед, белгісіз. М: 4+ х=5 бұл не деп ойлайсыздар, неліктен теңдеу ? Оқу мақсатынхабарлау .Теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізіндешешуді үйренеміз. Бағалау - Теңдеуді таңдап алу тәсілін қолданып, шығарған оқушыға х беріледі. - Теңдеуді қосу мен азайту амалдарының байланысына сүйеніп шешкен оқушыларға у беріледі

Сабақтың ортасы (3-35 мин) |

Теңдеу туралы видеотүсіндірмені қосу

(Мт) Бүгінгі сабағымыздыбелгісіз қосылғыш, азайғыш пен азайтқышы бар теңдеу туралы білетін боламыз. Белгісізі бар теңдікті теңдеу деп атайды. Теңдеудегі белгісізді латын әріптерімен (х, у, а,в,с ) белгілейді. Мысалы: 5+х =8 Теңдеуді шешу дегеніміз- осы теңдіктегі белгісіздің мәнін табу. Белгісіз бөлікті табу үшін белгілі бөлікті бүтінге дейін толықтырып, қанша сан қосқаныңды санау керек болады. Үстел үстіне санды өрнек , әріпті өрнек, теңдеу жазылған карточкалар жатады . Содан оқушыларға теңдеуі бар карточкаларды алуын сұраймын. Х+3 =7, у- 6= 10, 9-с=5 оқушылар осы карточкаларды алып шыққан оқушылар х,у, сдеп топқа бөлемін.

(Т) «Тізбектен не түсіп қалды» әдісімен жүргізіледі. Х тобына берілетін тапсырма:Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнің тап. 7+х=9, 20+у=50 Жауабы: х =2, х= 30 У тобына берілетін тапсырма:Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оны шеш 3кг+ х =8 кг Жауабы: 5 кг С тобына берілетін тапсырма: Теңдеу құр, мәнін тап. Аулада 10 балапан жүр еді. 6балапан қалған . Нешеуі жоқ? Жауабы: 10- х =6 х= 4 Дескриптор: - белгісіз бөлікті қояды. - мәнін табады - тексереді

(Ұ):«Орындап көр»тапсырмасы 1. Бірінші ойыншы текшені лақтырады. 2. Ол текшеде түскен санды теңдіктегі бос торкөздің орнына қояды. + х = 10 3. Екінші ойыншы алынған теңдеуді шешеді. 1+х=10 4. Егер теңдеу дұрыс шешілсе, ойыншылар рөлдермен алмасады. Кері байланыс : «Кім көп жинады?» әдісімен жүргізіледі. (Ө) 1) Х-неге тең? Теңдік дұрыс болу үшін х- тің орнында қандай фигуралар тұруы тиіс? Олардың суреттерін сал. Жауабы: 1. 1 түймедағы және 1 қызғалдақ 2. 1 көңілді бейне, 1 көңілсіз бейне 3. 2 жұлдыз 4. 2 шаршы және 1 дөңгелек 5. 2 үшбұрыш Дескриптор: - суреттер мен оның санын сәйкестендіреді. -графикалық моделін ұсынады. -белгісіз х- тің мәнін таңдайды. -белгісіздің мәнін анықтап,суретін салады. 2) Теңдеуді шеш, х-тің мәні неге тең? Жауабы: а ) 3 кітап ә ) 5 алма б ) 2 гүл в ) 2 суықторғай Дескриптор: - х- тің мәнін табады. - Қосылған заттарды бояды. (Т) Диалог және қолдау саралауы «Мен сатушымын» көрініс көрсету Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар:Таразымен өлшеп алатын азық- түліктерді ата. Дүкеннен тәтті сатып алуға келеді. Қанша тәтті алатынын айтады Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар: Қолдарындағы ақшаға тәтті сатып алады.100 тг,50тг. Аз қолдауды қажет ететін оқушылар: Сатушы болып таразыға керекті тәттіні өлшеп береді. Қалған ақшаны қайтарып береді. Дескриптор: - Азық -түлік түрлерін атап айтады. - Ақшаны дұрыс қолданады. - Дұрыс есептейді, қалған ақшаны қайтарады. Кері байланыс : «Кім көп жинады?» әдісімен жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалау. Өздік жұмыс 1 -тапсырма:Теңдік, теңсіздік, теңдеулерді тауып сәйкестендір: Бағалау критерийі Дескриптор Теңдік сәйкестендіріледі Теңдікті табады, сәйкестендіреді Теңсіздік сәйкестендіріледі Теңсіздікті табады, сәйкестендіреді Теңдеулер сәйкестендіріледі Теңдеуді табады, сәйкестендіреді 2- тапсырма: Балдырғанға теңдікті, теңсіздікті тауып жазуға көмектесіңдер. Бағалау критерийі Дескриптор Тура теңдікті жазады Тура теңдіктерді анықтайды және тиісті бағанға жазады Тура емес теңдікті жазады Тура емес теңдіктерді ажыратады, тиісті бағанға жазады

«Білім ландтан» видеотүсіндірме

Карточка текше таймер

39- жұмыс парағы. 41- бет

40- жұмыс парағы. 42- бет

Таразы

Тәттілер

100 теңге 50 теңге

1 кг кір

ҚБ нұсқаулығы

Сабақтың соңы (35-37мин) |

Рефлексияпирамидасы 4-3-2-1

Есімде сақтап қалатын бір нәрсе

Есімде қалатын екі нәрсе

Бүгінгі сабақтан үйренгенім үш нәрсе

Мен бұрыннан білетін төрт нәрсе

Рефлексия (37-40) |

Кері байланыс : «Кім көп жинады?» әдісімен жүргізіледі. - Теңдеуді таңдап алу тәсілін қолданып, шығарған оқушыға ( х)беріледі. - Теңдеуді қосу мен азайту амалдарының байланысына сүйеніп шешкен оқушыларға ( у) беріледі.

Пікірлер(0)