Шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару. Дөңгелек диаграмма
Математика
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Шамалар
Тақырып:
Шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару. Дөңгелек диаграмма
31.01.2020
579
11
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): |
4.5.1.1 есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу;

4.5.1.2** есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік/егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт шамалары арасындағы тәуелділігін пайдалану;

Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығарады.

Бірқатар оқушылар: Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдайды және шығарады.

Кейбір оқушылар: Есепті дөңгелек диаграмма түрінде модельдейді.

Тілдік мақсаттар: |
Тілдік дағдылар: Оқушылар өзара байланысты шамаларды қалай табу керектігін, есепті дөңгелек диаграмма түрінде модельдеуді түсіндіру.

Терминология: Пәндік лексика және терминология Өзара байланысты шамалар.

Сөз тіркестері: Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау: Шамалардың өзара байланысын есіңе түсір. Бағасын, санын, құнын қалай табуға болады? Ұзындығын, енін, ауданын қалай табуға болады? Жалпы массасын, бір жәшіктің массасын, санын қалай табуға болады?

Күтілетін нәтиже: |
Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығарады.

Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдайды және шығарады.

Есепті дөңгелек диаграмма түрінде модельдейді.

Бағалау критерийлері: | Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығарады. Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдайды және шығарады. Есепті дөңгелек диаграмма түрінде модельдейді. |
Құндылықтарды дарыту: | Адамгершілік, еңбекқорлық |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Электронды тапсырмалар. |
Пәнаралық байланыс: | Қазақ тілі, дүниетану , жаратылыстану. |
Бастапқы білім: | Бағасы, саны, құны, ұзындығы, ені, ауданы, жалпы массасы, бір жәшіктің массасы, саны түсініктері. |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (Басталуы Ынталандыру. 7 минут) |
Көп күттірген қоңырау соғылды, Математика сабағы басталды. Мысалдар мен есептер, Ойындар да шытырман бәрі сендер үшін! Барлығыңа үлкен табыс тілеймін! «Комплименттер бұрқасыны» тәсілі арқылы сабаққа сәттілік тілейді. Күнің сәтті өтсін! Білімің көбейсін! Талабыңа нұр жаусын! т.б. Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) (Ұ) «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау №1 тапсырманы ауызша орындау Өрнектердің мәнін тауып, оларды өсу ретімен орналастырсаң түсім туралы мақал шығады 2 000 ∙ 50 = 100 000 2 500 •30 = 75 000 9 100 ∙ 30 = 273 000 Жауабы: 75 000, 100 000, 273 000. «Жеріне қарай жемісі». ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Өзектендіру. №2 тапсырманы орындау. Әртүрлі өлшем бірліктеріне өрнекте Секундпен Минутпен Граммен 3 мин 10 с = 190 с 20 мин 15 с =1215 с 2сағ 40мин=160 мин 3сағ 25мин = 205 мин 7кг 20г =7020г 9кг500г = 9500г Килограммен Метрмен Тоннамен 4т 9кг = 4 009кг 9ц 3кг = 903кг 15 км = 15 000 м 50 дм = 500 м 40 000кг = 40 т 250 000 кг = 250 т Дескриптор: Әртүрлі өлшем бірліктеріне өрнектейді ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Өзіндік жұмыс №3 Шамалар үшбұрышын қолдана отырып шығару Жылдамдық – 60 км/сағ Уақыт - ? сағ Арақашықтық – 600 км Шешуі: t= S : v t=600: 60 = 10 (сағ) Жауабы: Уақыт 10 сағ. «Компли-менттер бұрқасыны» тәсілі Оқулық, дәптер. Шамалар Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары | Компли-менттер бұрқасыны» тәсілі Оқулық, дәптер. Шамалар Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
Сабақтың ортасы (Ортасы 20 минут) |
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Дескриптор: Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдайды және шығарады Диаграмманы пайдалану. №4 тапсырма. Оқушылар дөңгелек диаграмма бойынша сұрақтарға жауап береді. а) Бір жыл ішінде қандай күндер бәрінен көбірек? (ашық) ә) Бір жылдағы жалпы күн санының қандай бөлігі ашық күндер? (1/2) Бұлтты күндер ше? (1/4) Қарлы күндер ше? (1/8) б) Жылына шамамен қанша күн бұлтты болады? (91 күн) в) Бір жылдағы күндер санын жауын-шашынды (жаңбыр, қар) және жауын-шашынсыз бұлтты күндермен салыстыр. (бірдей, себебі ¼ және ¼ Дескриптор: . Бір жыл ішінде қандай күндер бәрінен көбірек екенін табады Бір жылдағы жалпы күн санының қандай бөлігі ашық күндер екенін табады Бұлтты күндер ше ,қарлы күндерді анықтайды Жылына шамамен қанша күн бұлтты болатынын табады Бір жылдағы күндер санын жауын-шашынды және жауын-шашынсыз бұлтты күндермен салыстырады ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Жұптық жұмыс №5 тапсырма Есептегі мәліметтерді диаграммада көр¬сет. Дәптерге диа¬грамма сызып, беріл¬ген мәліметтерді жаз. Есепті шығар. Сүт фермаларының бірі өнімдерін мынадай арақатынаста шығарады: барлық өнімнің жар¬тысын сүт өнімі құрайды. Төрттен бір бөлігі – айран, сегізден бір бөлігі – майлы айран және сегізден бір бөлігі – кілегей. Егер 60 л сүт шыға¬рылатын болса, онда фермада басқа өнім¬дер қанша литрден шығарылады? Былай пайымдауға болады. Барлық өнімнің 1/2 – сүт өнімі – 60 л. ¼ бөлігі – айран – 30л және 1/8 бөлігі – майлы айран – 15 л, 1/8 бөлігі – кілегей –15 л. Дескрипторы: Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді талдайды және шығарады. Есепті дөңгелек диаграмма түрінде модельдейді. | Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
Сабақтың соңы (соңы 5 минут) |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ойтолғаныс кезеңі. 6 Тапсырма Бақшаның пішіні тіктөртбұрыш тәрізді. Оның ұзын¬дығы – 240 м, ал ені одан 4 есе кіші. Бақшаның барлық ауданының төрттен бір бөлігіне қызанақ, қалған төрттен бір бөлігіне қияр, ал жартысына картоп отырғызылған. Әрбір көгөніс қандай ауданды алып жатыр? Топтық жұмыс 7 -тапсырма Кім жылдам ? Шығармашылық жұмыс ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. 8-тапсырма Кесте бойынша есептер құрастыр. Олардың әрқай¬сы¬сына 2 кері есептен құрастыр Мысалы: Дүкеннен 2 500 теңге тұратын бірнеше фломастер жинағын сатып алды. Сатып алған тауарға 5 000 теңге төледі. Неше фломастер жинағын сатып алды? 5 000 : 2 500 = 2 (дана) Жауабы: 2 фломастер жинағы. Кері есеп. Дүкеннен 2 500 теңгеден екі фломастер жинағын сатып алды. Сатып алған тауарға қанша теңге төледі? ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Сен зерттеушісің 9 тапсырма Ойлан және жауап бер. Әр сандар тізбегінің заңдылығын анықтап, қалдырылған сандарды қой. а) 12, 23, …, 45, 56. ә) 45, 36, 27, 18, …. б) 6, 12, 24,…, 96, 192. Шешуі: а) 12, 23, …, 45, 56. Сан тізбегіндегі екінші тұрған 23 санынан бірінші тұрған 12 санын азайту арқылы заңдылықты анықтап аламыз. 23 – 12 = 11 Сан тізбегіндегі келесі сан оның алдында тұрған санды 11-ге арттырса шығатыны анықталады. 23 + 11 = 34 34 + 11 = 45 45 + 11 = 56 Жауабы: 12, 23, 34, 45, 56. Дескриптор: Әр сандар тізбегінің заңдылығын анықтап, қалдырылған сандарды қояды. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. |
«Кім жылдам» ойыны

Рефлексия (3 минут) |

Рефлексия жетістіктер сызғышы – Сабақтың басында қандай мақсат қойдық? – Осы мақсатқа жете алдың ба? – Қиындықтар туындады ма? – Оны жеңе алдың ба? – Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? Өз жұмысын жетістіктер сызғышы арқылы бағалау ұсынылады.

Үйде орындауға №10 тапсырма
| Жетістіктер сызғышы |
Пікірлер(0)