Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу
Математика
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Теңдік және теңсіздік. Теңдеу
Тақырып:
Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу
30.01.2020
831
10
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | Белгісіз азайтқышты табу туралы ережені қолданып, белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу дағдысын қалыптастыру. Осындай теңдеуді шешу алгоритмін құрау |
Сабақтың мақсаты: |
Таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеу шешеді;

Қосу мен азайту арасындағы байланыс негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады; есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

Қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады,

Тілдік мақсаттар: |
Өрнек компоненттерін ажыратады.

Есептен теңдеу құрастырады және оны шешеді.

Күтілетін нәтиже: | Белгісіз азайтқышты табу туралы ережені қолданып, белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу дағдысын қалыптасады. Осындай теңдеуді шешу алгоритмін құрайды. |
Бағалау критерийлері: |
Өрнек компоненттерін ажыратады.

Есептен теңдеу құрастырады және оны шешеді.

Құндылықтарды дарыту: |

АКТ-ны қолдану дағдылары: | (https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/1-synyp/tengdeu-tengdeudi-sheshu-zholdary ), дидактикалық материалдар. |
Пәнаралық байланыс: |

Бастапқы білім: | Белгісіз азайтқышы бар теңдеу |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Сабақтың басы (5 минут) |
Өткен сабақта өткен тақырып бойынша, сұрақтар: -Теңдеу дегеніміз не? Ережесін сұрау. - Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді қалай шешеміз? Топтық тапсырма: 4 топқа ішіне моншақ тастары салынған 4 сандықша және парақ таратылады. Оқушылар санайды, болғанын параққа жазады. Мен әр топтың сандықшасынан бірнеше тастардан аламын. Қанша алдым? Белгісіз. Оқушылар параққа азайту «х» деп жазады. Енді қалған моншақ тастарын санайды. Қанша қалды параққа жазып қояды. Теңдеу құрылды. Егер белгісіз компонент бөлік болса, берілген бүтіннен белгілі бөлікті азайту арқылы табу ережесін қолданады. |

Сабақтың ортасы (27 минут) |
Bilimland.kz ресурстарын қолдану. Белгісіз азайтқышты табу теңдеуін видеотүсіндіруден тыңдап, 2-жаттығуды орындап, өздерін тексереді. Сабақтың қорытындысындағы жұмыс парағын толтырып, тексереді. Оқушылардың белгісіз азайтқышы бар теңдеу шешімінің алгоритмін, өз ойын, есепті шешу жолдарын дұрыс түсіндіргенін бақылап отырғаны жөн. Осы жұмыс өз әрекетін терең түсіну мен математикалық тілде сауатты сөйлеуді қалыптастырады. Бұл сабақта жаңа тірек сөздер жоқ. «Бүтіннен бөлікті азайтамыз» есте сақтау керек. | https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/1-synyp/tengdeu-tengdeudi-sheshu-zholdary |
Сабақтың соңы (5 минут) |
Оқушылар сабақ соңында: белгісіз азайтқышпен берілген теңдеуді шешуді; а және b сандарының мәнін түсініп, а – х = b түріндегі теңдеуді шешу кезінде өз әрекетін түсіндіруді үйренеді. |

Рефлексия (3 минут) |
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізеді. Тақтадағы «Білім қоржынындағы» сарқыт бойынша «білімді топ» анықталады. Әр оқушыны өзі жинаған конфеттері бойынша бағалаймын. |

Файлдар:
Файлды ару
Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу
Пікірлер(0)