Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу

Мейрманова Нагима Битимбаевна
Мейрманова Нагима Битимбаевна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
Шубаркудукская ОШ №6
Математика
Сынып:
3-сынып
Бөлім:
Кестеден тыс көбейту және бөлу
Тақырып:

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу

30.01.2020
129
PDF жүктеу WORD жүктеу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 3.1.2.6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Санның квадраты мен кубын түсіну, рационалды есептеу үшін көбейту қасиетін пайдалану, қалдықпен бөлуді білу, кестеде тыскөбейту мен бөлуді ауызша орындау, қосындыны бөлу ережесін қолдану және бір таңбалыі санға айналдыруды б біледі.  Бірқатар оқушылар: 100 сан шегіндегі санды көбейтуді және бөлуді ауызша орындау кезінде санға қосындыны  көбейту, көбейту мен бөлу амалдарын қамтитын ең қарапайым көбейтуді, түрдің күрделі құрылымы теңдеуін шешу, көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде беру және қолдануды үйренеді Кейбір оқушылар: Өз бетіменкөбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолданады.

Тілдік мақсаттар: Тілдік оқу мақсаты •    -Бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісі басқаша жазуға бола ма?  •    -Осы өрнектің қысқаша жазбасы бар ма, қалай ойлайсыз? •    Көбейту қасиеттері не үшін ойлап табылды?  Неліктен екенін айта аласыз ба…?  •    .....екі бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісін квадрат деп атаған? •    ( үш бірдей көбейткіштердіңкөбейтіңдісін куб деп атаған?) •    .....көбейтудің үлестірімділік қасиетін білу керек пе? •    (көбейтудің терімділік қасиеті?) •    .....көбейту қасиетін білу керек пе? •    ...... қалдық бөлгіштен аз болу керек пе? •    Қалай екенін айта аласыз ба…?  •    .... қалдықпен бөлуді бір мәнді сан етіп орындау ма? •    .... 17•5 (96:6, 75:15, 84:4) мәнін ауызша көбейту (бөлу) Пәндік лексика және терминология •    •    сан деңгейі; •    санның квадраты; •    санның кубы; •    көбейтудің терімділік қасиеті; •    көбейтудің үлестірімділік қасиеті.

Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар: тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады

Бағалау критерийлері: •    екі (үш) бірдей көбейткіштер көбейтіндісін санның квадратымен (кубымен алмастыру); •    рационалды есептеу үшін көбейту қасиеттерін пайдалану; •    бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді шығару; •    қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдану және, қосындыны санға көбейту ауызша орындаған кезде және 100 шегіндегі санды бөлген кезде қосындыны санға көбейту

Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу
АКТ-ны қолдану дағдылары: Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Пәнаралық байланыс: Музыка ,қазақ тілі

Бастапқы білім: Ондық құрамына негізделіп үш таңбалы сандарды қосуды және алуды ауызша орындау, үш таңбалысандарды қосу және алу алгоритмін, нөлге аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»  Асық арқылы бөлу Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды Жұмыс ережесін келісу      Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!      Уақытты үнемдейміз!      Нақты,дәл жауап береміз!      Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!      Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз! Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)  Жаңаны ашу. Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс орындайды.  Тақтада мына жазба орындалады 7 : 3 = 2 (1 қалдық). Содан кейін балалар санау материалдарын қолданып, осыған ұқсас есептеуді көрсетуі керек. Кейбір жағдайларда қалдықсыз бөлінгені, ал кейбір жағдайларда қалдықпен болуы маңызды. Тақтада жазылғандарды салыстыра отырып, балалар мынадай шешімге келеді, кейбір сандарды бөлгенде қалдық қалады, ал кейбірін бөлгенде қалдық қалмайды екен.  Сонымен қатар балалар қалдық әркезде бөлгіштен кем болатынын өз бетімен түсіну керек. Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту. Оқушылар мұғалімнің бақылауымен №1 тапсырманы орындайды. Балаларға қалдықпен бөлудің жазбасын оқуды үйрету қажет: «18-ді 4-ке бөлсек, 4 және 2 қалдық шығады» немесе «Бөлінгіш – 18, бөлгіш – 4, бөлінді – 4 және қалдық – 2».  Бұл кезеңде осы сабақтың бапсадан шыққан тұсаукесерін қолдану керек. Сәттілік критерйилері бар тапсырма бойынша дәптердегі өздік жұмыс. Бөлуді орында, тексер. 83:9= 39:6= 49:5= 50:6= Орындап болғаннан кейін мұғалім өзін-өзі тексеру үшін үлгі береді, мысалдардан қайсысы қиындық тудырғанын сұрайды. Дескриптор: Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды. ҚБ: Бас бармақ  арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жаңаны қолдану. № 2 тапсырма. Қалдықпен бөлуге мәтіндік есеп шығару ұсынылады.  №3 кестені толтыру тапсырылады.  Мұғалім сұрақ қояды: –Біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындау керек екенін айтып бер? –Тексеруді орындау үшін не істеу керек? Өткенмен жұмыс. №4 а) Есепті әртүрлі тәсілмен шығар. Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 4 түйеден және 5 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 30 саяхатшы  келген болса, сен қанша кәдесый саттың? Есептің мәтіні кішкене шатасқанына назар аударайық. Бірақ өмірлік жағдайды ұсынады. Өрнек үлгісін құрастыр: 30•(4+5) Шығармашылық деңгей: ә) есептің санды деректерін өзгертіп есепті  қайтадан шығарады. №5, 6 тапсырма есептеу тәсілдерін үйрену үшін берілген. Балаларды жылдам есептеуге дағдыландыру керек. Мықты балалардың қатарынан балаларды кеңесші ретінде тағайындайды.  Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесін. Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Рефлексия

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «СМС» кері байланыс

Пікірлер(0)