Бірнеше санның арифметикалық ортасы
Математика
Сынып:
6-сынып
Бөлім:
Статистика. Комбинаторика
Тақырып:
Бірнеше санның арифметикалық ортасы
28.01.2020
384
5
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): | <p>6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу;</p><p> 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу; </p> |
Сабақтың мақсаты: | - сандардың арифметикалық ортасын анықтайды; - деректерді есептер шығаруда қолданады. |
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: - осы бөлімге қатысты терминологияны қолданады; - екі немесе одан да көп сандардың арифметикалық ортасын қалай табу керектігін түсіндіреді; - сандық деректердің құлашын, модасын және медианасын есептеуге түсінік береді; Пәнгетән лексика мен терминология: - екі (үш және т.б.) сандардың арифметикалық ортасы; - қатардың құлашы, модасы, медианасы; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - екі санның арифметикалық ортасын табу үшін ...; - сандық қатардың құлашын табу үшін ... ; - ... саны сандар қатарының модасы болып табылады; - ... саны сандар қатарының медианасы болып табылады, себебі ...; |
Күтілетін нәтиже: | - арифметикалық орта - арифметикалық ортаны таба алады; - сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады. |
Бағалау критерийлері: | - арифметикалық орта - арифметикалық ортаны таба алады; - сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады. |
Құндылықтарды дарыту: | Топтық және жұппенжұмысжасатаотырыпоқушылардаөзарасыйластық, сенімділік,қарым-қатынастықалыптастыру. |
АКТ-ны қолдану дағдылары: | презентация |
Пәнаралық байланыс: | физика химия |
Бастапқы білім: | Комбинаторика |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал тудыру. Керемет жақсы төмен Үй тапсырмасын тексеру. «Көршіңді тексер» әдісі Оқушылар бір – бірін тексереді. Өтілген материалды қайталау. «Жедел сұрақтар» әдісі | |
Сабақтың ортасы |
Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т.с.с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі. Халық шаруашылығында, тұрмыста кездесетін шамалардың өзгерістерін сипаттауда жиі пайдаланатын статистикалық сипаттамалар: арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода және медиана. Арифметикалық орта дегеніміз не? Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады. Проблемалық ситуация: Оқушыларға кез келген сандар қатарын құрастырту. Осы қатардың ең кіші санын және ең үлкен санын анықтап, олардың айырмасын; осы қатарда жиі кездесетін санды; осы қатардың ортасында орналасқан санды табу керек. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу керек. Осыдан келіп бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын шығару. | |
Сабақтың соңы |
Жұптық жұмыс № 1. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 5, 7, 10, 12, 16; Ш: (5+7+10+12+16)/5=50/5=10. 2) 14, 18, 17, 23; Ш: (14+18+17+23)/4=72/4=18. 3) 45, 58, 76, 81; Ш: (45+58+76+81)/4=260/4=65. 4) 3, 6, 12, 10, 9; Ш: (3+6+12+10+9)/5=40/5=8. № 2. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар: 1) 1; 2; 5; 7; Ш: 7 – 1 = 6. 2) 3 1/5; 2 1/8; 4/5; 1/5; Ш: 3 1/5- 1/5=3. № 3. Сандардың модасын табыңдар: 1) 2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3; Ш: мода – 2,1. 2) 3/5; 1 1/7; 2 1/3; 3/5; 1; 3/5; Ш: мода – 3/5. 3) 5,1; 7,5; 8,3; 10,2; 20; Ш: мода – жоқ. 4) 6,1; 7,5; 7,5; 5,9; 6,1; Ш: мода – 6,1 және 7,5. Дескриптор: Білім алушы: Бірнеше сандардың арифметикалық ортасын табады; Сандардың өзгеріс ауқымын табады; Сандардың модасын таба алады; Жауабын жазады. | |
Рефлексия |
Рефлексия: «Ақылды үкі» әдісі |
Файлдар:
Файлды ару
Сабақ жоспары
Пікірлер(0)