Қос сөздер

Жалгасбаева Лайла Елемесовна
Жалгасбаева Лайла Елемесовна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
СШ им. Ж.Кереева
Қазақ тілі (Т1)
Сынып:
4-сынып
Бөлім:
Мамандықтар әлемі
Тақырып:

Қос сөздер

30.12.2019
66
PDF жүктеу WORD жүктеу
Қос сөздер. Отбасы мүшелерінің мамандықтары. 4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 4.4.2.1 - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)  4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы

<p>&nbsp;Ұйымдастыру кезеңі.Мәтінді тыңдау.«Түртіп алу» тәсілі .Топпен жұмыс.Жұппен жұмыс.</p><p>Өзіндік жұмыс.Рефлексия</p>

Қосымша ақпарат

&nbsp;Сынып қабырғасында мамандықтарға байланысты бірнеше суреттер ілініп тұрады Бұл тапсырма «Галереяға саяхат» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Саяхат жасап, аралап жүріп, сыныптағы оқушылар бірнеше мамандық түрлерімен танысады. -Қандай мамандық түрлері бар? - Бұл мамандық иелері сіздердің үйлеріңде бар ма? -Қандай мамандық атаулары сендерге таныс емес? -Қойшы туралы не білеміз? Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін белгілеу.&nbsp; .2.3.1, 4.4.2.1 Мәтінді тыңдау Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. «Түртіп алу» тәсілі арқылы түсінбеген сөздерін белгілеуін, белгіленген сөздерді «Түсіндірме сөздіктен» табуын ұйымдастырады. Шеген, шығыр, қауға Топпен жұмыс 1-тапсырма Топта мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастырып, келесі топқа ұсынады да көрші топтың өздеріне қойған сұрақтарына «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып, жауап береді. Үлгі: Не себепті арқанды түйеге байлап қауға тартады? Сенің ойыңша, Көпен Әмірбектің әкесі кім болған? 2-тапсырма Көпен Әмірбек туралы мәлімет Көпен Әмірбеков (29 наурыз 1950 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ешкіқора ауылы) - журналист, сықақшы. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. 3-тапсырма Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жазу. Үлгі: Әке - шешем қойшы болды. Жұпта жазған сөйлемдерін тексеріп, өзара бағалайды. Бағалау дескрипторы: – сұрақтар құрастырып, жауап береді; – күрделі сөздерді тауып жазады; Сергіту сәті Топ оқушылары мамандық иелерінің іс -әрекетін қимыл арқылы көрсетеді. Келесі топ маман иесін табады. Топ оқушыларына күрделі сөздер жазылған карточкалар таратылып беріледі. Бұл тапсырма «Карточкадағы терминдер» әдісі арқылы жүргізіледі. Күрделі сөздерді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіреді. - Олардың қалай жасалғанын байқап, мағынасын түсіндіру 1 топ Алуан-алуан, бақа- шаян, жап -жасыл 1І топ Көре- көре, бүгін- ертең, оп- оңай 1ІІ топ Әлсін- әлсін, құлын- тай, үп –үлкен Қабілеті жоғары оқушы орташа оқитын оқушыға көмектеседі. Оқушылар байқағандарын қорытындылай отырып, ережені құрастырады. Екі сөздің қайталанып айтылуынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп атайды. Жазуда қос сөздің арасына дефис (- ) қойылады. Мая -мая, әке -шеше, құрал -сайман. Жұппен жұмыс 44- жаттығу. Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жазу - Қос сөздердің құрамындағы сөздерге назар аудару, олардың қалай жасалғанын түсіндіру; - Өзі қалаған қос сөздерді қатыстырып 2-3 сөйлем құрастырып жазу. Оқушылардың қос сөздері бар сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық талапқа сай орындалуын қадағалайды. Жұптар өзара бір-бірін тексереді. Бағалау дескрипторы: – қос сөздердің жасалуын түсіндіре алады; – қос сөздерді қатыстырып,сөйлем құрастыра алады; 45- жаттығу карточкамен жұмыс топ мүшелеріне Өзіндік жұмыс 45- жаттығуҚарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу. - Қос сөз сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын байқау және қос сөзді құрап тұрған сыңарларын салыстыру Топта оқушы жазғанын жұбымен тексереді, сонан соң бір оқушы топ алдында жазғанын оқып, дәлелдейді. Қ.Б:топтар бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Бағалау дескрипторы: – қос сөз сөйлемге қандай мағына үстегенін түсіндіре алады ; – қос сөздің сыңарларын салыстыра алады;;&nbsp; Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс-сабақтан жаңа идеялар байқадым Сары түс-жаңа сабаққа көңілім толды Қызыл түс-бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті Үй тапсырмасы 46-жаттығу. Кестеге қарап, түсіндіру&nbsp;&nbsp;

Файлдар:

Файлды ару Қос сөздер

Пікірлер(0)