Жыл мезгілдері.

Бегежанова Айнагуль Абдикаликовна
Бегежанова Айнагуль Абдикаликовна
Ақтөбе
Шұбарқұдық
СШ им. Ж.Кереева
Дүниетану. Тарих компоненті
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Бізді қоршаған әлем
Тақырып:

Жыл мезгілдері.

30.12.2019
87
PDF жүктеу WORD жүктеу
Жыл мезгілдері..
Барлық оқушылар: Адамның дене мүшелерінің атауын біледі, ажыратады. Жеке бас гигиенасын сақтау маңызды екенін ұғады. Дене жаттығуларының маңызын түсінеді.

Көптеген оқушылар:Дене мүшелері әртүрлі қызмет атқаратынын біледі. Дене мүшелеріне арналған әртүрлі жаттығулар ойлап табады және сыныптастарына орындатады.

Кейбір оқушылар:  Денсаулықты шынықтыру жолдарын біледі, өзге оқушылармен бөліседі

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы, ортасы, соңы.

«Қос шеңбер» тәсілі.

Топтастыру тәсілі.

топқа бөлу.

«Көрсет және әңгімеле» тәсілі.

«Кесте толтыру» тәсілі.

Сергіту сәті.

Рефлексия «Ойды аяқта»

Қосымша ақпарат

- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сабағымызды бастайық. Барлықтарыңды ортаға келуге шақырамын. (Ұ)  Денсаулық жөнінде балалардың білетін білімдерін естеріне түсіріп, пікірлесу.Сабақтың басы 7 мин 4 мин 1 мин  «Қос шеңбер» тәсілі (Балалар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады, жұптасады, мұғалімнің қойған сұрағына өз жауабын жұбына түсіндіреді, Мұғалім белгі береді (3шапалақ), келесі сұрақ қойылғанда орындарымен ауысады, енді мұғалімнің екінші сұрағына ауысқан бала өз ойын жұбымен бөліседі. Келесі сұрақ қойылғанда балалар сағат бағытымен жылжып жұптарын ауыстырып, өз ойларымен бөліседі.) - Бірінші байлық - денсаулық деп неліктен айтылған? - «Деңі саудың – жаны сау» дегенді қалай түсінесіңдер? - Денсаулық сақтаудың қандай жолдары бар? Т.б. сұрақтарды қойып шеңбер бойында пікірлесу. (Пікір алмасу аяқталған соң,оқушылар өз орындарына отырады) - Енді, балалар, назарымызды мына ілініп тұрған суретке аударайықшы. (Ұ) Топтастыру тәсілі «Дені сау адам қандай болу керек?» Адам силуэтын іліп қою. Қима қағазда адам денсаулығына қатысты және қатысы жоқ сөздер жазылып тұрады. Сол қима қағаздардың керектісін силуэттің үстіне, қажетсізін астына жапсырады. Кері байланыс: мұғалімнің ауызша кері байланысы. - Осы орындалған жұмыстарды қорытындылай келе бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы) - Дұрыс,балалар.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Денің сау болсын десең...» - Бүгінгі сабағымызда адамның өз денсаулығын күту және сақтау жауапкершілігін, яғни жеке бас гигиенасын және дене жаттығуларының маңызын, денені шынықтыру жолдарын қарастырамыз. Сабақтың ортасы 1 мин 11 мин 2 мин 9 мин Оқушыларды «Стикер» тәсілімен топқа бөлу Алдын ала дене мүшелері - көз, қол, тіс суреттерін стикерге желімдеп қоямын. Оқушылар алдыңғы тапсырманы орындап жатқанда мен оқушылардың орындықтарының артына стикерлерді жабыстырып шығамын. Қабілеті жоғары оқушылардың орындықтарына бірыңғай көздің суретін жапсырамын. (Ол саралау тапсырмасын орындау үшін қажет) Сол арқылы 3 топқа бөліп отырғызамын. - Балалар, топ бойынша тапсырмалар орындаймыз. 1-тапсырма 1-топқа «Көрсет және әңгімеле» тәсілі (Т) Геометриялық фигуралардан адам бейнесін құрастырыңдар 2-топқа «Кесте толтыру» тәсілі (Т) Берілген кестеге осы дене мүшесіне арналған жаттығулар ойлап жаз,айтып бер. Дене мүшесі Жаттығу 3-топқа «Сөз құрастыру» тәсілі (Т) Берілген әріптерден сөз құрастыр: Қ ы л у а с н д е (денсаулық) Денсаулықты шынықтыр жолдарын көрсет, айтып бер. (Постерге орындайды) Кері байланыс: «Түйінді сәттер» тәсілі Қарсы топ мүшелері ақылдасып алады да қорғалған жұмыстардың ішінен ең негізгі, түйінді деп өздеріне алған жерін атап өтеді. Сергіту сәті. Бір оқушы ортаға шығып көңілді музыка әуенімен дене мүшелеріне арналған жаттығулар орындатады. 2-тапсырма 1-топқа «Сөз ішіндегі жасырынған сөз» тәсілі Бағалау критерийі: жасырынған сөздерді дұрыс табады,жазады. Көзілдірік көз Итмұрын Таяқ Көкжиек Бастық Шашақ Қолғап Ауыздық Құлақшын Оқушылар жұмысты орындап болған соң дұрыс жауабын интерактивті тақтадан көрсету:көз,мұрын,аяқ,иек,бас,шаш,қол,ауыз,құлақ Дескриптор: • Сөз ішінен жасырынған сөзді тап,қорша • Жанына дұрысын атауын жаз ҚБ «+ -» тәсілі арқылы өзін өзі бағалау Оқушы өзін тексеріп,+ - таңбасын қойып шығады. 2-топқа «Ойлан,жұптас,бөліс» тәсілі (Жекелей, жұптық, топтық жұмыс) Берілген сөздермен сөйлем құра:денсаулық, ағза, дене жаттығулары. Оқушылар алдымен әрқайсысы жеке сөйлем құрастырады. Сосын жұптасады да бір-бірінің сөйлемдерін тексереді. Сосын ең сәтті шыққан сөйлемдерді топтың ішінде оқып береді. Кері байланыс «Штанга» тәсілі Штанганы жоғары көтеріп тұрған адам-сөйлемдерді өте жақсы, қатесіз құраса Штанганы кеудесіне дейін көтеріп тұрған адам - сөйлемдерді құрағанда 1-2 қате жіберсе Штанганы көтере алмай тұрған адам- сөйлемдерді дұрыс құрай алмаса, бірнеше қате жіберсе беріледі. 3-топқа «Рөлдік ойын» тәсілі «Дәрігердің көмегі» рөлдік ойынын өткіз.Біреуің –дәрігер,қалғандарың-емделушісіңдер. Дәрігер мен емделуші арасындағы диалогті құра. (Өз денсаулығын сақтау, дене жаттығуларының пайдасы туралы диалог құрады) Кері байланысты мұғалім жасайды Сабақтың соңы 3 мин 6 мин Қорытынды сұрақтары: Сонымен, балалар, маған мына сұрақтарға жауап беріңдерші: - Адамның дене мүшелерін ата - Жеке бас гигиенасын сақтау не үшін керек? - Дене жаттығуларын жасау маңызды ма? - Адам денсаулығын қалай күту керек? Рефлексия «Ойды аяқта» - Олай болса, балалар,сабақтан алған білімдеріңді жүйелеу үшін мына ойды аяқтаңдаршы: Бүгін мен білдім... Мен үйрендім... Қолымнан келді... Қиындық тудырды...

Файлдар:

Файлды ару Жыл мезгілдері.

Пікірлер(0)