Қазақстанда мал шаруашылығының қалыптасуы
Қазақстан тарихы
Сынып:
5-сынып
Бөлім:
Ежелгі көшпелілер өмірі
Тақырып:
Қазақстанда мал шаруашылығының қалыптасуы
28.12.2019
200
3
Қазақстанда мал шаруашылығының қалыптасуы |
оқу мақсаты: көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу

Бағалау критерийлері: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы туралы біледі Көшпелі мал шаруашылығының тиімділігін дәлелдейді Картадан шаруашылықтың дамыған аймағын тауып белгілейді Көшпелілер өміріндегі мал шаруашылығының маңыздылығын анықтайды, төрт түлікті,маусымдық жайылымды айыра алады Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін біледі, дәлел келтіре алады

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |

Псхологиялық ахуал (сабақтың барысы) |

"Мен Отанымды сүйемін, себебі....." оқушылар сөйлемді жалғастырады

Үйге берілген төрт түлік мал жайындағы жұмбақтарды бір-біріне жасырып, шешуін табады

"Стоп-кадр" әдісімен "Bilimlend.kz" сайтының "Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы" бейнефильмі көрсетіледі. "Сәйкестендіру" тапсырмасы бойынша Маусымдық жайылым түрлерін сәйкестендіреді. әр тапсырманың соңында дескрипторлармен таныстырылып, төрт түлік малдың төлдерінің суреттері бойынша бағалау жүріп отырады. "Картаны жандандыр" әдісі бойынша кескін картаға көшпелі мал шаруашылығының түрлерінің қалыптасқан аймақтарын төрт түлік малдардың суреттерін жапсыру арқылы анықтайды және "Bilimlend.kz" бейнефильм арқылы жұмыстың дұрыс орындалғанын тексереді. "Ой-талқы"- "көшпелілер әлемдік өркениетке үлес қосты ма?" сауалына оқушылар дәйек келтіре отыра жауап береді, соңында "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласымен суреттері көрсетіліп, оқушы жауаптары нақтыланады. Мұғалім "Юнеско" тізіміне енген Қазақстанның материалдық емес мәдени мұралары тізімін қосымша атап кетеді және сыныпта домбыра тартатын бір оқушы күй орындап береді. Сабақ соңында "Тарихи диктант" алынып, оқушылар диктанттан қате сөйлемдердің дұрыс жауабын айтады.

оқулық мәтіні, суреттер,

Bilimlend.kz

Файлдар:
Файлды ару
"Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы"
Пікірлер(0)