Ұлттық тағамдар. Мәтін.
Сауат ашу
Сынып:
1-сынып
Бөлім:
Тағам және сусын
Тақырып:
Ұлттық тағамдар. Мәтін.
28.12.2019
152
1
Ұлттық тағамдар.Мәтін. | 1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу 1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу 1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау 1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу 1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
---|---|---|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы. Сабақтың соңы. |
Ертеңгілік шеңбері.Топпен жұмыс.Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату. Әңгімеге ат қойдыру. Рефлексия |
Қосымша ақпарат
Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амадасып алайық, Бір жадырап қалайық. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!Оқушылар біз оқып жатқан тарау қалай аталады? Тағам және сусын тарауы оның ішінде ұлттық тағамдармен танысып жатқан-быз. Ұлттық тағамдар суреті көрсетіледі. Ал біз ұлттық тағамдарды біледі екенбіз, енді ұлттық сусындарды білеміз бе?Қандай сусындарды білеміз. Олай болса бүгінгі сабағымызда ұлттық сусынның бірі шұбатпен танысамыз. Шұбат туралы білетіндерін айтады (МК;Ұ;Т;Қ) Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, оған тақырып қою . 1-жаттығу Мәтіндегі негізгі ойды анықтатып, ат қойдыру. Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту. Дәптермен жұмыс 2-жаттығу Оқулықтағы тапсырманы оқытып, жаңылтпашты жатқа жаздыру. Жұппен жұмыс жүргізіп , оқушыларды қателерін тапқызып түзету. (МК:Ұ:Қ) Ой ұшқырлығын , иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау. -Оқушылар,ұлттық тағамдармен бірге адамның денсаулығына тағы нелер пайдалы? (оқушы жауабы) 3жаттығу «Ойлан тап» Жемістер мен көкөністерді стакандағы шырындармен сәйкестендіру. Сергіту сәті 3-жаттығу Ребусты шештіріп , шешуіндегі сөзді қатыстырып, 2-3 сөйлем құрату. Топпен жұмыс 1л күшті шұбатты 85 тг сатып алады. Бұл соманы қандай монеталармен төлеуге болады? Шұбатты жарнамалау. Дәптермен жұмыс. Марғау ойнаған жіпті дұрыс ораса , әжейдің айтқан мақалын оқимыз. Тапқан мақалды оқыту. Жұмбақ Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Жауабы : Түйе Балалар түйе туралы білгендерін ортаға салады.Жарайсыңдар түйе туралы біраз нәрсе біледі екенсіңдер. Енді тақтадан түйе туралы тағы біраз мәлімет алайық. (түйе туралы мәлімет беру) жұмыс 4-жаттығу. Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату. Әңгімеге ат қойдыру. Тақтадағы суретке қарап, керекті сөздерді пайдаланып,сөйлемдерді толықтырып жазып, әңгіме құрастыру Біздің үйде……………………………бар. Түйе жақында ………………………….. Апам …………………….сауып, сүтінен ……………… жасады. ……………………….денсаулыққа пайдалы Керекті сөздер: шұбат,түйе, боталады ,түйе, шұбат
Файлдар:
Файлды ару
Ұлттық тағамдар. Мәтін.
Пікірлер(0)