|
Жоспар
(Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері Басы 4 мин Айтылым 4 мин Ортасы 2 мин Тыңдалым Айтылым 3 мин 2 мин Айтылым Оқылым Жазылым 7 мин Оқылым Жазылым)
|
- Жоспарланған жаттығу түрлері
- І. Ширату. Ынтымақтастық орта құру. - Көңіл-күйлеріңіз қалай? - Керемет! - Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? - Тамаша! - Ынтаңыз ше? - Ғажап! 2. «Пазл құрастыру» әдісі. Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлу. 3. Ережелерді еске түсіру. 1.Уақытты тиімді пайдалану. 2.Сыныптарыңның ойын жеткізуіне кедергі жасамау. 3.Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысу. Топтық жұмыс 4. «Кім шапшаң?» /өткен материалды еске түсіру/. Таңдаған сурет бойынша (зілтемір, бокс қолғабы, футбол добы) мысал келтіру. Келтірген мысалдардан қимылды білдіретін сөздерді табу. Дескриптор: - оқушы топпен жұмыс жасай алады; - сурет бойынша мысал келтіре алады; - қимылды білдіретін сөздерді таба алады. Оқылымалды тапсырмасы Спорт құралдарының (зілтемір, бокс қолғабы, футбол добы) иесін табу. Криштиану Роналдо Илья Ильин Серік Сәпиев Оқылым тапсырмасы Мәтінді түсініп оқу. Сұрақтарға жауап бер. 1) Мәтін кім туралы? 2) Илья Ильин саған неліктен ұнайды? 3) Тағы қандай чемпиондарды білесіңдер? 4) Қазақстандық зілтемірші қыздар туралы не білесіңдер? Сергіту. Opнымыздaн тұрамыз, Қoлды бeлгe қoямыз, Бұрылaмыз oңғa бip, Бұрылaмыз coлғa бip, Бiз бақытты бaлaмыз Гүл-гүл жaйнaп жaнaмыз, Жaттығyлap жacaсақ, Шымыр болып қaлaмыз Жұптық жұмыс 1-тапсырма. «Ойлан, бірік, талқыла» әдісі. 2) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Илья Ильин қай жерде дүниеге келген? А) Алматы В) Қарағанды С) Қызылорда Д) Ақтөбе 2. Илья Ильин кім? А) зілтемірші В) боксшы С) футболшы Д) баскетболшы 3. 3. Илья – арнайы жаттығуға неше жасынан бастап барған? А) алты В) жеті С) сегіз Д) тоғыз 2) Мәтін бойынша екі сұрақ құрастырып жазыңыз. Жұптар бірін-бірі «Бас бармақ» арқылы бағалайды. Дескриптор: - мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді; - мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазады. Жеке жұмыс. 2-тапсырма. Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыз. Не байқадыңыз? Сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып, дұрыс сөйлем құрастырып жазыңыз. - зілтеміршісі Қазақстанның. Илия көтереді. Дескриптор: - сөйлемдегі сөздердің байланысында жіберілген қатені анықтайды; - сөздерді дұрыс байланыстыра отырып, сөйлем құрастырады. - сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, сөйлемдер жазады. «Бағдаршам» арқылы бағалау. 3-тапсырма. Өлеңді көшіріп жазып, заттың сынын білдіретін сөздің астын сызыңдар. Бақыты боп бар елдің, Тұрар биік орында. Чемпионы әлемнің Болар күні әлі алда. Сабақты қорыту: - Бүгінгі сабағымыз кім туралы болды? - Спортпен шұғылданған адам қандай болады? - Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Кері байланыс. «Желкенді қайық» арқылы кері байланыс жасату.
- Үлестірме қағаздар Слайд Суреттер Слайд Кемені үш түске бояуға арналған қима қағаздар
- Қосымша мәліметтер
- Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
- Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
- Мақтау, мадақтау арқылы деңгейі төмен оқушыларға қолдау көрсетемін. Жеңілдетілген тапсырмаларды орындатам. Логиқалық есептерді деңгейі жоғары оқушыларға ұсынып отырамын. Қайсысы жеңіл: 1 кг мақта ма, әлде 1 кг тас па? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
- Топтық жұмыс кезінде: бірін-бірі «Бас бармақпен» бағалайды.
- Жұптық жұмыс кезінде: бірін-бірі «Бағдаршам» бағалайды.
- Жеке жұмыс кезінде: Әр оқушы «Жетістік баспалдағына» өздерін орналастырады. Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) Сауат ашу.
- Топтық жұмыс кезінде бірлесе жұмыс істеуге,бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу.Оқу құралдарын ұқыпты ұстауға үйрету.
|
|
Пікірлер(0)