Ойынның идеясын анықтау
Ойынның идеясын анықтау
| Сабаққа негізделген оқу мақсаты: | 6. 3. 2. 1 – есептің шешімін кезеңмен талдау |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: «Компьютерлік ойын» және «жанр» ұғымдарын түсініп, Scratch программалау ортасында ойынды құру кезеңдерімен танысу; Оқушылардың басым бөлігі: Ойын құру кезеңдерін талдау; Кейбір оқушылар: Ойынды жобалауды дұрыс орындау маңыздылығын саралау |
| Бағалау критерийлері: | «Компьютерлік ойын» және «жанр» ұғымдарын түсініп, Scratch программалау ортасында ойынды құру кезеңдерімен танысады; Ойын құру кезеңдерін талдайды; Ойынды жобалауды дұрыс орындау маңыздылығын саралайды |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Топқа бөлу (1 минут) |
«Мозайка» әдісі. Оқушылар қиындыларды құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді. |
|
|
Ой қозғау (2 минут) |
Шыққан суреттеріңе сипаттама беріңіздер. Scratch программалау ортасы не үшін қолданылады? Қандай компьютерлік ойындарды білесіңдер? |
Scratch программалау ортасы |
|
Миға шабуыл (1 минут) |
Компьютерлік ойындар қалай әзірленеді? Сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау |
|
|
Жаңа сабақты ұғыну (10 минут) |
«Суреттер сөйлейді» әдісі. Интербелсенді тақтада тақырыпқа қатысты суреттер дыбыстық сүйемелдеу арқылы көрсетіледі. 1-тапсырма. (Т). «Бір минуттық әңгіме» тәсілі арқылы білім алушылардың ақпарат алу дағдысын қалыптастыру. Білім алушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұпта пікірлесіп, топта талқылау арқылы түйінді пікірлерінін төмендегі тақырып аясында постерге салады. І топ. «Ойынды құру кезеңдері» ІІ топ. «Ойын құру идеясы» |
Пікірлер(0)