Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
| Сабақ мақсаты | Қыпшақ хандығы мемлекетің тарихын білу, өздігінен іздену жұмыстарына үйренеді. |
| Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Барлық оқушылар: . Қыпшақ мемлекетінің құрылуы туралы, қоғамдық құрылысын постер арқылы қорғай алады. Оқушылардың басым бөлігі: . Дешті Қыпшақ даласының картасы берілген. Оң және сол қанаттары мен ордаларын көрсет. Көрші мемлекеттерінің атауын жаза алады Кейбір оқушылар: «Сәйкестендіруді» орындай алады |
| Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: жеке жұмыс, топтық жұмыс Негізгі сөздер мен тіркестер: Елбөрілі, тоқсоба,йетиоба, дурут, жікілдер, «орда», хандар, «яланкуг», «половшылар» («далалықтар»). Талқылауға арналған тармақтар: 1. Деректер.Қыпшақ мемлекетінің құрылуы 2. Қоғамдық құрылымы 3. Қыпшақтардың көршілерімен саяси қарым-қатынасы -Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Сіз неліктен ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлерінің барлығына қыпшақтар ие болып, хандықтың әлеуметтік-экономикалық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап еткенін айта аласыз ба? |
| Бағалау критерийлері | Қыпшақ хандығының саяси картадағы орнын анықтайды Қыпшақ хандығы мемлекетің тарихын біледі, өздігінен іздену жұмыстарына үйренеді. |
| Құндылықтарды дарыту | Қыпшақтардың елін, жерін қорғауы, әскери өнерін білуі арқылы патриотизм, өз елі үшін мақтаныш, құрмет құндылықтарын бойына дарыту |
| Пәнаралық байланыстар | Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру |
| АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады |
| Алдыңғы оқу | Орта ғасырлық Қарахан мемлекетінің, найман, керейіт, жалайырлардың географиялық орналасуы, саяси тарихы, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Сабақтың басы ((0-3мин)) |
Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал «Тілек» шаттық шеңбері.
Сыныпты түрлі түсті қиындылар арқылы 3 топқа бөлу:
|
Топ атауына байланысты суреттер Презентация |
|
Үй тапсырмасы ((9 мин)) |
1. Моңғол кезеңіне дейін Батыс Моңғолияда қоныстанған ірі тайпалар:Алдыңғы білімді қайталауға арналған сұрақтар: (9 мин) 2. Наймандар Ертіс және Орхон өзендері аралығында қай ғасырда қалыптасты? 3. 1125 жылы наймандар мен керейттер қандай империяға құлағаннан кейін өзінің тәуелсіздігін алды? 4. Наймандардың мемлекетік ордасы: 5. Наймандардың батыстағы көршісі; 6. 1204 жылы наймандарды толықтай жеңген кімдер? 7. Наймандардың соңғы әскерін жинап Жетісуға қоныстанған кім? 8. ХІІ ғасырда керейттер иеленген жерлер: 9. Керейттердің бас ордасы: 10. Моңғолдардың жас қолбасшысы Темучинге қолдау көрсеткен керейт ханы: 11. Керейттердің әлсіреген уақыты: 12. Жалайырлар VI-VII ғасырда қай қағанаттың құрамында болды? 13. Жалайырларды талқандап, өзіне бағындарған моңғол билеушісі Бағалау: Оқушылар ұсынылған сұрақтарға жауап беру арқылы өзін-өзі бағалайды: |
Қима қағаздар |
|
Ортасы ((3 мин)) |
1.Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау . 2.Мағынаны тану: Елбөрілі - «бөрілер халқы» депте атаған, қыпшақтардың шығыс бірлестігі, 16 тайпадан тұрған; Тоқсоба- қыпшақтардың батыс бірлестігінен, «тоғыз тайпа» деген мағынаны білдіреді Йетиоба - қыпшақтардың батыс бірлестігінен, «жеті тайпа»; Дурут - қыпшақтардың батыс бірлестігінен, «төрт тайпа»; Жікілдер – ХІІ ғ. бастап қыпшықтардың құрамына кірген, Арал маңын мекендейтін тайпа; Орда - түркі-моңғол тайпаларының әскери-әкімшілік орталығы, мемлекет басшыларының тұрағы, (астана). Хан— лауазым. Түркі-моңғол халықтарында мемлекет басқарған билік иесі. «Қаған» терминінен қалыптасқан деп есептеледі; Яланкуг – қыпшақ тілінде құлдар деген мағынаны білдіреді Половецтер – қыпшақтардың Русьтегі атауы; Командар – Еуропадағы қыпшақ атауы; Шығармашылық топтық тапсырма беріледі. Топ бойынша мәтінді оқиды. Тақырыптың мазмұнын аша отырып постер қорғайды (10мин). А деңгейінде тапсырма: 1-топ. Деректер, Қыпшақ мемлекетінің құрылуы 2-топ. Қоғамдық құрылымы 3-топ. Қыпшақтардың көршілерімен саяси қарым-қатынасы Дескриптор: 1-топ. Қыпшақтар туралы деректерді және мемлекетінің құрылуын анықтайды; 2-топ. Қоғамдық құрылымын түсіндіреді: 3-топ. Қыпшақтардың көршілерімен саяси қарым-қатынасын көрсетеді: В деңгейінде тапсырма (5мин). 1-топ. Дешті Қыпшақ даласының картасы берілген. Оң және сол қанаттары мен ордаларын көрсет. Көрші мемлекеттерінің атауын жазу
2-топ. Берілген ақпараттың дұрыс немесе жалған екенін анықта. Тапсырма ДұрысЖалғанҚыпшақ хандығы Қарахан мемлекетінің орнына құрылды. 3-топ. Конспектіні мұқият оқып шығып, қыпшақтардың әлемдегі қай мемлекеттермен байланыс орнатқанын жаз. Венгрия Византия Дескриптор: 1-топ. Картадан оң және сол қанаттың ордаларын көрсетіп, көрші мемлекеттердің атауын жазады: 2-топ. Берілген ақпараттың дұрыс немесе жалған екенін анықтайды: 3-топ. Қыпшақтардың қай мемлекеттермен байланыс орнатқанын көрсетеді. С деңгейінде тапсырма (5 мин). «Сәйкестендіру» VIII ғасыр А.Қыпшақтар Жетісумен қатар бүкіл Қазақстан жеріне үстемдік етті Тоқсоба Дескриптор: Берілген сөздерді бір-бірмен сәйкестендіреді |
Қазақстанның саяси картасы,
Қыпшақ халқының қалыптасуы тірек-сызба, Қазақстан тарихы Суреттер және кестелер жинағы маркелер, түсті қағаздар,стикерлер. |
|
Аяқталуы ((3 мин).) |
Үйге тапсырма: Қыпшақ хандығы тақырыбын оқу, тақырып соңындағы тапсырмалар. Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Топ басшысы белгілеген бағалау парағындағы жиынтық бағасын шығару. Формативті бағалау. (2 мин) |
Бағалау парағы. |






Пікірлер(0)