Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі
Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі
| Сабақтың мақсаты | Барлығы: А а дыбысы мен әрпін таныстыру, алғаш рет танысайын деп отырған әріптерінен келетін сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді білуге үйрету. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Сабақ барысы
| Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|---|---|---|
|
Мектебіме саяхат. А дыбысы мен әрпі (8.10.2019 жыл) |
Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Тыңдалым. Мына себеттегі жемістердің атын атаңдаршы? - алма, алмұрт, алхоры Олай болса бүгінгі танысатын алғашқы әрпіміз А әрпі болмақ. Қане кітапқа қарайық, ненің суреті - алма, алмұрт, ананас. -А әрпі қандай дыбыс деп? -А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі. А дыбысы сөздің басында-----------------------------қызыл үйге кіреді ортасында соңында Дыбысты біз айтамыз, естиміз. Әріпті біз жазамыз, көреміз. Әппақ болып таң атты, Түтiн тiке шығады. Қарлығаштар қанатын Самғап биiк ұшады. Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) Сурет бойынша тапсырма. Суретті боя. Алма. А әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар: Жоғарыдан -оң жаққа қарай имектелген көлбеу - сол жаққа қарай имектелген көлбеу белін қысқа сызықпен сызамыз– бұл бас әріп. Толық құрсау дөңгелектенген және имектелген көлбеу сол жаққа қарай(а) А-бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз. Ауа жазу, санағышпен құрастыру, тақтаға жазу. Дәптермен жұмыс Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз. - Балалар А дыбысынан келетін біздің сыныпта ұл-қыздар бар ма? Қане тақтаға бері қарайық. А әрпін бекіту. |
Пікірлер(0)