РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫНДА 56 ОҚУШЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫНДА 56 ОҚУШЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды:

🥇 I дәрежелі дипломмен — 13 қатысушы;🥈 II дәрежелі дипломмен — 19 қатысушы;🥉 III дәрежелі дипломмен — 24 қатысушы.

Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:

🏆«Бас жүлде» — Шығыс Қазақстан облысы;🥇 1 орын — Абай облысы;🥈2 орын — Қарағанды облысы;🥉 3 орын — Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.

Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ