ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова азаматтарды жеке қабылдау өткізді

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Мамандандырылған азаматтарды қабылдау орталығында Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтар мектептердегі интернет сапасы және білім беру саласындағы цифрландыру процесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша жауап алды.

Арай Оразова барлық сауалдарды толыққанды қарастырып, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерді жеке бақылауына алды. Сондай-ақ, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ