ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Азаматтарды қабылдау орталығында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жумадильдаева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Азаматтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Наталья Жумадильдаева барлық өтініштерге толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар Оқу-ағарту бірінші вице-министрінің жеке бақылауына алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ