Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді. Азаматтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Наталья Жұмаділдаева барлық өтініштерге толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар Оқу-ағарту бірінші вице-министрінің жеке бақылауына алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелер басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Айта кетейік, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 171 қазақстандықтың қатысуымен 40-қа жуық жеке қабылдау өткізілді. Қабылдаулар Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберіс мекен-жайында орналасқан арнайы Азаматтарды қабылдау орталығында өткізіледі. Азаматтарды қабылдау кестесі министрліктің ресми-сайтында қолжетімді.
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді
313
0
0
25.07.2024
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ