ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу
375
0
0
26.09.2021
Білім және ғылым министрі аппарат жиналысын өткізді
Күн тәртібінде қосымша білім беруде мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асырылу барысы пысықталды. Диссертациялық кеңестердің қызметін жетілдіру тетіктері қаралды. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті күшейту шаралары талқыланды. Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді. Министр оқу орындарының басшыларына оқушылар мен студенттерді қорғау мәселесін басты назарға алу керектігін айтты.
Асхат Аймағамбетов Пермь университетінде болған атыс салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айттыМинистрдің айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар еліміздегі білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін күшейтудің маңыздылығын көрсетеді. Ол өз жазбасында балалардың қауіпсіздігі Үкіметте егжей-тегжейлі қаралып, әкімдіктер бұл мәселені кешенді шешу үшін қосымша қаражат бөліп жатқанын жеткізді. Министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру объектілерінің қорғалуын ұйымдастыру бойынша құжат әзірлегенін мәлімдеді. Сондай-ақ әрбір білім беру ұйымында қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Асхат Аймағамбетов іс-сапармен Алматы қаласына барды
Сапар барысында қаладағы оқу орындарын аралап, ректорлармен, ғылыми зерттеу институттарының басшыларымен, мектеп директорларымен кездесті. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, қауіпсіздік жүйелерін тексерді «Қазақстан мұғалімі – 2021» Ұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттады.
Министр сапар барысында №95 жалпы білім беру орта мектебінде болды
Оқу орынының ғимаратын аралап, техникалық жабдықталуын көрді. Мектептегі қауіпсіздік жүйелерінің жұмысымен танысты. Бейнебақылау камераларды, дабыл батырмаларын, турникеттерді тексерді. Мектеп кітапханасының жұмысын көрді. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру үшін мектеп кітапханасының қоры көркем әдебиетпен толықты.
Білім және ғылым министрі мектеп директорларымен кездестіЕркін форматта өткен кездесуге аудандық білім бөлімдерінің басшылары да қатысты. Кездесуде басшыларды ротациялау, аттестаттау, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Директорлар білім беру саласына қатысты сұрақтарын қойып, қызықты ұсыныстар мен идеяларын айтты. Кездесу соңында министр қатысушыларды мұғалімдер күнімен құттықтап, алғысын білдірді
Асхат Аймағамбетов Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЖОО ректорларымен және ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен кездесті
Жиында ЖОО қауіпсіздік жүйесі, білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Оқытушылар мен студенттерді вакцинациялау жұмыстары пысықталды. Оқу құжаттарын цифрлық форматқа көшіру барысы талқыланды
Министр ғылыми зерттеу институттарының басшыларымен кездесті
Жиында Мемлекет басшысының жолдауы аясында ғылым туралы заңнамаға енгізілетін жаңа түзетулер талқыланды. Сонымен қатар іргелі зерттеулермен айналысатын институттарға тікелей қаржыландыруды енгізу бойынша жұмыстар қаралды. Ғылыми гранттарды қаржыландыру мерзімдерін ұлғайту мәселелері пысықталды.
Асхат Аймағамбетов «Қазақстан мұғалімі – 2021» Ұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттадыЖеңімпаздар 4 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Биылғы жылдың 10 лауреаты «Әлем мұғалімі – 2022» жаһандық сыйлығына ұсынылатын болады. Министр шара соңында қонақтарды келе жатқан ұстаздар күнімен құттықтап, мүғалімдерге алғысын білдірді.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ