Қазақстанның құрама командасы физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасында бес жүлдеге ие болды

Қазақстанның құрама командасы физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасында бес жүлдеге ие болды

Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді.

🥈Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;

🥈Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

🥈Артур Ким - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

🥈Әмір Пшенбаев - Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

🥉Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшілері - Самат Мақсұтов - PhD докторы, SDU University доценті;Назарали Айтджанов - SDU University физика пәні мұғалімі.

Қазақстан құрамасын, мектеп ұжымдары мен ата-аналарды айтулы жеңіспен құттықтаймыз!

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ