Қазақстандық оқушылар IMO-2024 халықаралық математикалық олимпиадасында бес медаль жеңіп алды
272
0
0
23.07.2024
Ұлыбританияда өткен 65-ші Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы бес медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан командасының құрамы:
Шарел Марғұлан – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Амирлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
Мирон Юркевич – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
Жан Даутов – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Владимир Роговский – Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы.
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Динмухамед Егеубаев мақтау грамотасына ие болды.
Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Айта кетейік, IMO математикадан Халықаралық олимпиада әлемдік топ-7 олимпиадалардың (IPHO, IBO, IOI, IChO, IGeO IOL) қатарына кіреді.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ