Қазақстандық колледж NCCER халықаралық аккредитациясынан өтті

Қазақстандық колледж NCCER халықаралық аккредитациясынан өтті

APEC PetroTechnic колледжі ресми түрде Industrial Electrical бағыты бойынша National Center for Construction Education and Research (NCCER) халықаралық жүйесінің аккредиттелген орталығы мәртебесін алды.

Бұл мәртебе колледждің халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту және кәсіби құзыреттерді бағалау жүргізу құқығын растайды. Енді студенттердің емтихан нәтижелері NCCER халықаралық тізіліміне енгізіледі, бұл олардың біліктілігінің әлемдік деңгейде танылуын қамтамасыз етеді.

Аккредитация білім беру бағдарламаларының мазмұны, материалдық-техникалық база және оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі құрылыс және өнеркәсіп саласының халықаралық талаптарына толық сәйкес келетінін көрсетеді. Бұл -білім сапасын арттыруға, бағалау жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам.

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша 15 студент NCCER стандарттарына сәйкес сертификаттау емтиханын тапсырады. Емтиханды сәтті тапсырған білім алушылар халықаралық сертификаттарға ие болады. Сонымен қатар шетелде жұмысқа орналасып, кәсіби дамуын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ