2026 жылғы қыркүйек айының соңына дейін еліміздің барлық мектептерінде ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылуда.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал еңбек» қағидаттары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында жүйелі түрде ілгерілетілуде. Ата-аналар жиналыстарында да осы құндылықтарға ерекше мән берілуде.Жиналыстардың негізгі мақсаты - ата-аналарды 2026-2027 оқу жылының ерекшеліктерімен таныстыру, Жаңа Конституцияның құндылықтарын ілгерілету, сондай-ақ отбасы, мектеп және қоғам арасындағы тиімді серіктестікті нығайту.Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты азаматтық жауапкершілігін арттыруға, олардың баланың тәрбиесі мен білім алуына белсенді қатысуына және әрбір баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуына жағдай жасауға басымдық берілуде.Жиналыстарға полиция, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, ішкі саясат және қаржылық қауіпсіздік салаларының өкілдері қатысуда. Кездесулер барысында балалардың қауіпсіздігі, цифрлық ортадағы мінез-құлық, психологиялық әл-ауқат, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Ата-аналар жиналыстары бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті күшейтуге, отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын білім беру ұйымдарында кеңінен ілгерілетуге бағытталған.
Қазақстанда «Адал азамат» бағдарламасы аясында ата-аналар жиналыстары өтуде
1
0
0
18.09.2026
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ