«Педагогикалық» идеялар панорамасы - 2026» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды

«Педагогикалық» идеялар панорамасы - 2026» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталды

Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.

Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Конкурс нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

Байқау ережелерімен толық танысу үшін ppi.orleu.edu.kz сайтына өту ұсынылады

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ