Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар қоғамдастығы «Адал азамат» бағдарламасын зерттеуге әдістемелік ұсынымдар әзірлейді

Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар қоғамдастығы «Адал азамат» бағдарламасын зерттеуге әдістемелік ұсынымдар әзірлейді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова министрлікте және ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті.Талқылауда «Адал азамат» бағдарламасына басымдық берілді. Қатысушылар бағдарламаның балалардың құндылықтары мен мінез-құлқына ықпалын зерттеу жөнінде пікірлерімен бөлісті. Зерттеудің әдістері мен барлық өңірлердегі білім беру ұйымдарын қамту мәселелері қарастырылды.Сондай-ақ оқулықтардың сапасын арттыру, оларды әзірлеу, сараптау және мектепте апробациядан өткізу үдерістерін жетілдіру жолдары талқыланды.Балалар арасындағы буллингтің алдын алу және оған дер кезінде әрекет ету мәселелері бойынша да пікір алмасу өтті. Қатысушылар педагогтер, психологтер мен ата-аналардың бірлескен жұмысын тиімді ұйымдастыру жөніндегі зерттеу ұсыныстарын ортаға салды.Кездесу қорытындысына сәйкес Оқу-ағарту министрлігінің ғалымдар коғамдастығы талқыланған мәселелерді ғылыми зерттеу туралы ұсынымдар әзірлейді. Ұсыныстар алдағы кездесулерде талқыланып, министрліктің шешімдеріне ғылыми негіздегі әдіс-тәсілдерді қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ