Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жұмысының маңызды бағыттарының бірі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау болып табылады. Заңнамалық деңгейде 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияны (ПМПК) ашу үшін балалардың нормалары 60-тан 50 мың балаға дейін азайды. Бұл оларды толық қамтуға және ерте кезеңде балалардың ауруларын анықтауға мүмкіндік береді.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, жыл басынан бері елімізде 2 ПМПК ашылған, контингенті 50 мыңнан асатын 5760 мектепте инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Арнайы оқу орындарының базалық инфрақұрылымын құру үшін стандарт әзірленуде. Арнайы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында «Қазақстан халқына» қорымен меморандумға қол қойылды, қазіргі таңда 31 мектеп-интернат құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қағидалары және ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары қабылданды. Жалпы білім беретін мектептерде инклюзияны қолдау үшін 646 кабинет ашылды. Жыл сайын мұндай 40 кабинетті іске қосу жоспарда бар. Сонымен қатар 22 облыстық ресурстық орталық құрылды.
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ СТАНДАРТЫН ӘЗІРЛЕУДЕ
371
0
0
24.08.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ