ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып, өңір тұрғындарымен кездесті. Педагогикалық ұжымдармен және ата-аналармен кездесуде бірінші вице-министр Педагогтердің І съезіндегі «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасында басымдық берілген білім сапасын арттыру, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. «Мемлекет педагогтер статусын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша барлық міндеттемелерді орындауда. Біздің міндетіміз – әрбір баланы сапалы біліммен, саналы тәрбиемен қамтамасыз ету. Бұл білім беру жүйесінің әрбір саласының өз деңгейінде қызмет атқаруына, оның ішінде кәсіби білікті мамандардың жұмысына байланысты», - деді Наталья Жұмаділдаева. Оның айтуынша, үздік тәжірибелерді күллі білім беру жүйесіне тарату үшін Білім берудің ұлттық бағалау жүйесн әрі қарай дамыту ұсынылуда. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі қайта қаралуда. Алдағы уақытта оның қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылдау үшін өңірлер бөлінісінде мектептердің төмен, орта, жоғары деңгейлері анықталатын болады. «Нәтижесі төмен мектептермен білім сапасын арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі. Педагогтер пәндік, сондай-ақ психологияны және балалардың жасына сәйкес ерекшеліктерін білуі жөніндегі тестілеуден өтеді. Сондай-ақ мұғалімдердің сабақтарына кіру және олардың арасында сауалнама жүргізу ұйымдастырылады. Бұл процедуралар педагогикалық ұжымдардың кәсібилігін арттыруға қатысты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді. Егер білім сапасы жақсармаса, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымға қатысты шара қолданылатын болады», - деген вице-министр Ұлттық баяндамадағы аспектілердің бірімен бөлісті. Наталья Жұмаділдаева тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар негізінен мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беруге қатысты болды. Сондай-ақ жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады және бірқатар білім беру ұйымдарында болды.
НАТАЛЬЯ ЖҰМАДІЛДАЕВА ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
402
0
0
13.11.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ