Қазақстанның барлық өңірінде 8–11(12)-сынып оқушылары арасында лингвистика пәнінен республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңі өтуде.Зияткерлік сайысқа аудандық және қалалық кезеңдерден сәтті өткен 1 000-ға жуық оқушы қатысуда. Олимпиаданың бірінші кезеңінде 9 мың оқушы өз білімін сынаған болатын.Олимпиада оқушылардың логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілдік заңдылықтарды анықтау және стандарттан тыс шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар тілдік құрылымдарды талдау, тілдік құбылыстарды салыстыру және логикалық пайымдау негізінде қорытынды жасау бойынша тапсырмалар орындайды.Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық кезеңде өз өңірлерінің намысын қорғайтын үздік қатысушылар анықталады.Республикалық кезең 2026 жылғы 30 қарашада өтеді. Оған әр өңір мен ұйымнан облыстық кезеңде ең жоғары ұпай жинаған үш оқушыдан құралған команда қатысады.
Лингвистика пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 1 000-ға жуық оқушы қатысуда
5
0
0
05.11.2026
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ