Биыл алғаш рет Мұғалімдер күні мерекесі 5 қазанға бекітілді. Естеріңізге сала кетейік, тиісті қаулыны ҚР Үкіметі қабылдаған болатын.Осылайша дүниедегі ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық өкілдерін біріктіретін бұл мереке - Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Бұл күні Астанада Республикалық педагогтер съезі өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық мұғалім қатысады. Педагогтер арнайы ұйымдастырылған алаңдарада озық еңбектерімен және халықаралық тәжірибелермен бөліседі. Атап өтерлігі, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 500 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылы педагогтердің мәртебесі жеке заңмен бекітілді. Төрт жыл ішінде мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі есе өсті. 220 мыңға жуық ұстаз тағайындалған санаты үшін 50%-ға дейін үстемеақы алады. Өндірістен тартылған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері жалақысына 35%-ға дейін қосымша ақы алады. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы тағы 30%-ға көтерілді.
ЕЛІМІЗДЕ 5 ҚАЗАНДА МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТЕДІ
510
0
0
04.10.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ