«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 150-ДЕН АСТАМ ТҮЛЕГІ ЖҮЗ МЫҢ ОҚУШЫҒА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА КӨМЕКТЕСЕДІ
623
0
0
14.09.2021
«Болашақ» бағдарламасының 150-ден астам түлегі жүз мың оқушыға мамандық таңдауда көмектеседі. Жобаға 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға көмектесуге ниет білдірген бағдарлама түлектері қатысады. Сондай-ақ олар өз білімдері және дағдыларымен бөліседі әрі бір жыл көлемінде оқушыларға тәлімгер болады. Жоба 13 қыркүйекте Түркістан облысында басталды.
«Бұл жай ғана тест немесе сауалнама толтыру емес, бұл нағыз мамандық таңдауға кірісу: кездесулер, оқыту және түсіндіру семинарлары, мастер-кластар және тәлімгерлердің кеңестері. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 11 мыңнан астам жоғары білікті маман даярланды. Бүгінде олар экономиканың басым секторларында жұмыс істейді. Әлбетте, олардың ақысыз ұсыныс білдіргенімізге қолдау көрсеткендері қуантады. Оқушылармен мұндай қарым-қатынас және өзара іс-қимыл балалардың мамандық таңдауына оң әсер етеді деп үміттенеміз», — деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Ғалия Досмұхамбетова.
Ментор-бағдарлама түлектерінің қатарында инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторлары бар.
«Колумбия университетінде оқып жүрген кезімде мен көптеген еріктілердің жобаларына қатыстым. Бұл жобалар маған да, мен жәрдем көрсеткен адамдарға да жақсы тәжірибе алуға көмектесті. Әдетте, жобаға қатысушылар қоғамның дамуына, білім беру сапасын жақсартуға және болашақ ұрпақтың өмір сүру деңгейін арттыруға қосқан үлестерін мақтан тұта алады. Мұндай жұмыстың нәтижелерін бірнеше жылдан кейін көруге болады. Мәселен, мен өз студенттерімнің кәсіби саладағы жетістіктерін көріп отырмын. Осындай тәжірибені мен қазақстандықтардың жас буынының дамуына да енгізгім келеді», — деп атап өтті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жанындағы жетекші аналитик, «Болашақ» стипендиялық бағдарламасының түлегі Рамазан Досов.
Бұл жобаға тәлімгерлер тегін қатысады. Осылайша, «Болашақ»бағдарламасының 150-ден астам түлегі менторлық бойынша ерікті атанды.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ