Бүгін еліміздегі жеті мыңнан астам білім беру ұйымында бір мезетте "Алтын сақа" ұлттық ойындардың республикалық челленджі өтті. Бұл бастама барлық оқушылар мен мұғалімдерді біріктіруге, ұлттық рухты және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Елордалық оқушылардың сайысына Ғани Бейсембаев та қатысты. Оқу-ағарту министрі ұлттық ойындарымызды жаңғырту, насихаттау және дамыту біздің мызғымас құндылықтарымызды – бірлік, келісім мен бейбітшілікті нығайтатынын, сондай-ақ білім ошақтарындағы рухани-адамгершілік мәдениетті арттыра түсенін атап өтті. "Ұлттық ойындар - педагогиканың дәстүрлі құралы. Ғасырлар бойы оларда ұлттық болмысымыз, халықтың еңбегі, ар-намыс, ер жүректілік, батырлық, ерік-жігер мен жеңіске деген ұмтылысы айқын көрініс тапқан. Ұлттық ойындардың өскелең ұрпақ арасында кең танылып келе жатқаны қуантады. Соның бір дәлелі ретінде, бүгін екі миллионға жуық оқушы еліміздің мәдени мұрасын сақтаудағы бірлігін тағы да көрсетті. Біз жас ұрпақты нағыз патриот ретінде тәрбиелеуіміз керек", - деп атап өтті еліміздің бас ұстазы. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың "Әділетті Қазақстан – адал азамат" атты екінші отырысында айтқан маңызды мақсаттарының біріне қол жеткізу үшін министрлік жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, патриотизм мен еңбекқорлық, этномәдени толеранттылық қағидаттарына негізделген «Бірыңғай ұлттық тәрбие бағдарламасы» аясында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Бұл шаралардың барлығы еліміздегі білім беру ұйымдарын біріктіруге және білім алушылардың қазақтың тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыруға бағытталған.
БІР УАҚЫТТА ЕКІ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ АСЫҚ АТУ ОЙЫНЫНА ҚАТЫСТЫ
308
0
0
17.11.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ