BilimLand білім беру платформасы білім сапасын арттыру жолында БАҰО «Өрлеумен» бірге

BilimLand білім беру платформасы білім сапасын арттыру жолында БАҰО «Өрлеумен» бірге

Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырған «BilimLand ресурстары білім берудегі АКТ құралы ретінде» тақырыбындағы семинар-тренингтер БАҰО «Өрлеудің» Қазақстанның әр облысындағы 18 филиалында өтті.

Семинар-тренингтерге қатысқан Өрлеу қызметкерлерінің bilimland.kz білім беру платформасындағы интерактивті сабақтар мен анимациялық фильмдерге деген қызығушылықтары жоғары болды. Тренингтің мақсаты – bilimland.kz білім беру платформасы бойынша орталық әдіскерлерін ұстаздармен жұмыс жүргізуге дайындау.

БАҰО «Өрлеу» қызметкерлері bilimland.kz білім беру сайтындағы жаратылыстану ғылымдары бағытындағы химия, физика, биология пәндерінің интерактивті сабақтары мен виртуалды зертхана материалдарына ерекше назар аударды. Twig-bilim.kz сайтындағы үздік оқытушы дәрістер де тренингке қатысушыларды қызықтырды.

Компанияның авторлық жобасы болып есептелетін, қазақ тіліндегі бастауыш мектеп пәндерін толық қамтыған iMektep.kz сайтына да тренингке қатысушылар жоғары баға берді. Сонымен қатар, гуманитарлық бағыттағы интерактивті сабақтар мен қазақ және орыс тілдеріндегі аудиохрестоматиялар қатысушыларды бей-жай қалдырмады. Қазақ әдебиеті мен руханиятының бай мұрасын жинақтап, ұсынып отырған kitap.kz ашық кітапханасына деген ықылас та зор болды.

Тренингке қатысқан барша «Өрлеу» қызметкерлеріне алғысымызды білдіріп, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Алдағы уақытта мемлекеттік білім беру бағдарламалары аясында бірлесіп игілікті еңбек ететінімізге, цифрлық технологиялар арқылы білім саласына жаңа серпіліс әкелетінімізге сеніміміз мол.