Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
477
0
0
07.05.2022
Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл күні тәртіпті күзетіп, Отанымызды, тәуелсіздігімізді қорғап жүрген ержүрек әскери қызметшілерімізге ерекше құрмет көрсетілетіні сөзсіз.
Ұрпақтарға патриоттық тәрбие беруде білім беру жүйесі ерекше рөл атқарады. Балалардың бойындағы маңызды құндылықтар мен көзқарастар мектеп қабырғасынан бастап қалыптасады. Өз отанының тарихын оқыту, мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру - барлық білім беру ұйымы қызметінің маңызды бағыттарының бірі.
Сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан, әр шаңыраққа құт-береке, амандық тілеймін!
https://www.facebook.com/1120704037/posts/10220021311539358/?d=n
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ