Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді

Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді

Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді

15.01.2019

Жер бетіндегі ең ақылды 25 елдің тізімін Vouchercloud британдық порталы жасады. Дәстүрге айналған аталмыш тізімде азиялық және еуропалық елдер көш бастады.

Рейтингтің құрылуына әр елдегі Нобель сыйлығы лауреаттарының саны (тарихи интеллектіні бағамдау үшін), тұрғындардың білім саласындағы жетістігі, яғни ағымдағы орта IQ (шынайы интеллектіні бағамдау үшін) және білім сапасының деңгейлік (болашақ ұрпақтың интеллектісін анықтау үшін) көрсеткіштері негіз болды. Зерттеушілердің айтуынша, «айрықша дарынды халықты анықтау мақсатында мүмкін деген аймақтың барлығы қамтылған».

Негізінен Азия мен Еуропаның елдері енген рейтингті Жапония бастап тұр. Бұл елдің тізімнің ең басынан көрінуіне бағалаудың барлық үш талабы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізуі себеп болды.

Ал Қазақстан 25 елдің арасында мектептегі білім беру сапасы жөнінен АҚШ, Израиль, Финляндия, Нидерланды елдерін басып озып, 9-шы орыннан көрінді. Британдық Vouchercloud порталында: «Қазақстан елі күткен нәтижеден де асып түсіп, әлемдегі балалары ең ақылды елдердің тізімінде тоғызыншы орынға шықты. Бұл жаңа интеллектуалдық күш болуы мүмкін бе? Атақтарың арта берсін, қазақтар!» деп көрсетілген.

Мәліметке ескертпе

Нобель сыйлығы бойынша деректер World Atlas-тан жиналса, IQ бойынша ғаламдық бағалау 2012 жылы өткізілген Lynn & Vanhanen әлеуметтік зерттеуінен, ал оқушылар бағасы (мектеп білімінің деңгейі) 2015 жылға арналған Our World in Data зерттеуінен алынды.

Жетістіктер қорытындысы стандартталған психометриялық тұрғыда орнықты халықаралық және аймақтық тесттерден алынып отыр. Оларға TIMSSPIRLSPISAFIMSFISSSIMSSISSSRCRLSMLAIAEPSACMEQPASECи LLECE кіреді. Елдерді барынша қамту мақсатында тесттер пәндер (математика, оқу, жаратылыстану) және деңгей (бастауыш және орта білім) бойынша келісіліп, бөлінді. Бұл деректер жиынтығы 1965-2015 жылдар аралығындағы 163 ел мен аймақты қамтиды.

Дереккөз: bilimdinews.kz