Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 300 мыңнан астам ата-ана тіркелді
230
0
0
23.09.2024
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мәліметі бойынша, 300 мыңнан астам пайдаланушы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында тіркелген.
Еске сала кетейік, бұл орталықтар өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыс істей бастады. Бағдарламаның басты басымдығы — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ позитивті ата-ана мәдениетін дамыту.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ