Асхат Аймағамбетов өз Telegram-каналын ашты
651
0
1
28.02.2022
Мен 2009 жылдан бері Facebook, кейін Instagram желісін қолданып келемін.
Олар министрліктің жұмысы, біздің жаңа бастамалар, нормативтік-құқықтық актілер және жаңа нормалар туралы халыққа тікелей ақпарат беруіме үлкен септігін тигізіп келеді.
Жекеме күніне шамамен 150-200 хабарлама келіп түседі. Бірақ оның барлығына бірден жауап беру мүмкін емес екенін айтқым келеді. Десек те мүмкіндігімше ең маңыздыларына жауап беруге тырысамын. Түскен хабарламаларды оқып, көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарды назардан тыс қалдырмаймын. Бұл платформалардың мен үшін осындай да өте пайдалы тұсы бар.
Өздеріңіз білетіндей, Telegram – қазіргі уақытта пайдаланушылар арасында өте танымал және ыңғайлы желінің бірі. Сондықтан мен де жеке Telegram арнамды ашуды жөн көрдім. Енді министрліктің жаңалықтарын https://t.me/aimagambetov каналында жариялап тұрамын. Сол себепті менің телеграм каналыма жазылсаңыздар болады)
Одан бөлек, келесі аптадан бастап жаңа бағдарламаны іске қосамыз. Ол тиісті кесте бойынша шығып тұратын болады. Бұл министрлік басшылығының әлеуметтік желілердегі білім мен ғылым саласына қатысты көкейтесті сұрақтарға жауап беретін жоба болмақ.
Әрине, бұл біздің БАҚ-пен жұмысымызға ешқандай әсерін тигізбейді. Министрлік алдағы уақытта да журналистермен ашық әрі тығыз байланысын жоғалтпай, жұмысын жалғастыра береді.
Сонымен бірге министрлік бүгіннен бастап «Желіге шолу» жобасын іске қосты. Жаңа жобада министрлік өкілдері әлеуметтік желілердегі ең өзекті пікірлерге, сұрақтарға бейнеформат арқылы өз жауаптарын береді.
https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219731080723769/?d=n
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ