Биыл ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиаданың екі бағыты бойынша 135 мыңға жуық оқушы тіркелді. Мектеп кезеңіне 90 мыңнан астам, аудандық кезеңге 70 мыңға жуық, облыстық кезеңге 16 мыңнан астам оқушы қатысты.Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың финалында еліміздің барлық өңірінен келген 10–11-сыныптың 433 оқушысы жеті пән бойынша бақ сынады. Олимпиада қорытындысы бойынша 197 медаль табысталды. Оның 39-ы – алтын, 62-сі – күміс, 96-сы – қола.Командалық есепте бас жүлдені Түркістан облысының құрамасы жеңіп алды. Бірінші орын Маңғыстау облысының командасына бұйырды.Олимпиаданы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Freedom Банкі бірлесіп ұйымдастырды. Марапаттау рәсімінде Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов пен Freedom Банкінің басқарушы директоры әрі Астанадағы филиалының директоры Ардақ Елеусізов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады.Freedom Банкі жеңімпаздар мен жүлдегерлерге және оларды дайындаған педагогтерге ақшалай сыйақы сертификаттарын табыстады. Бұл олимпиада – «Дарын» орталығы мен Freedom Банкінің алғашқы бірлескен жобасы. Банк осы серіктестік бойынша алты республикалық олимпиадаға қолдау көрсететінін мәлімдеді.І дәрежелі диплом иегерлері биылғы оқу жылында республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңіне іріктеусіз қатыса алады. Ал финалға қатысқан барлық оқушы «Дарын» республикалық сырттай мектебінде таңдаған пәндері бойынша білімін тереңдете алады.Ауыл мектептеріне арналған олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша финалы 7–11 желтоқсанда Астанада өтеді.
Астанада ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды
1
0
0
20.11.2026
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ