67 МҰҒАЛІМ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

67 МҰҒАЛІМ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ-2022» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

5 мыңға жуық педагог қатысқан «Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Бірнеше ай бойы олардың барлығы тәжірибелерін, өз пәнін оқытудың инновациялық және авторлық тәсілін видеоға түсіріп, Youtube-те бөлісті. Нәтижесінде 67 адам жеңіске жетті.

Байқауды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жыл сайын өткізіп келеді. Биыл қатысушылар саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда шамамен екі есеге көп.

«Педагогикалық идеялар панорамасы 2022» – тек байқау ғана емес, бұл тәжірибе алмасу алаңы. Мұғалімдер бір-бірімен білім бәсекесіне түсіп, болашақта кез келген адам пайдалана алатын пайдалы дәрістер, сабақтар, практикалық және зертханалық жұмыстар, семинарлар мен шеберлік сабақтарының қорын қалдырады. Сарапшылар бірнеше ай бойы 22 номинация бойынша үздік бейнематериалдарды таңдады. Номинация 5 бағыт бойынша анықталды. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 67 адам жеңіске жетті. Олардың әрқайсысы сыни ойлауды, функционалдық сауаттылықты, көптілді және инклюзивті білім беруді дамыту идеяларын бейімдеудің өзіндік тәсілін ойлап тапты. Жеңімпаздардың «Өрлеу» білім порталында ұсынылған бейнесабақтары еліміздің педагогикалық ұжымдарында талданып, тәжірибеде қолданылатынына сенімдімін», - деді «Өрлеу» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.

Жүлделі орындарға ие болған байқау қатысушылары біліктіліктері аттестация кезінде ескерілетін сертификаттарға ие болды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ