Қазақстанның ең белсенді оқушысы іPhone 11 ұтып алды

Қазақстанның ең белсенді оқушысы іPhone 11 ұтып алды

 

Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде оқушылардың онлайн оқыту жүйесіне көшуіне байланысты «Online Mektep» жобасы аясында оқушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында BilimLand білім беру платформасы бас жүлдеге іPhone 11 смартфонын ұсына отырып, «Ең белсенді оқушы» атты байқау ұйымдастырды. Байқауға Қазақстанның  кезкелген аймағынан BilimLand платформасын қолданатын барлық оқушылар қатысты. Байқау 2020 жылдың 09.05 ー 25.05 аралығынды өтті. 

Байқауға қатысу үшін оқушыларға бар болғаны бірнеше шарт орындау қажет болды:

Bilimland.kz сайтында «Online Mektep» бөліміндегі IV-тоқсанның сабақ кестесіндегі кезкелген бейнесабақты таңдау керек;

Таңдалған сабаққа қосымша ұсынылған жаттығулар мен тест тапсырмаларын орындау қажет;

Төменде орналасқан Whatsapp, VK, Facebook, Telegram әлеуметтік желілерінің белгішелері түріндегі батырмаларды таңдап, достарымен бөлісу керек;

Сілтеме бойынша өткен адам саны көп болған сайын, оқушының рейтингтегі орны да жоғарылайды.

 

Байқауда «ТОП-10» рейтингінде көрсеткіш бойынша бірінші орынды иеленген оқушы жеңіске жетеді. Нәтижесінде ерекше белсенділік танытып, рейтингте алғашқы орынды иеленген Шымкент қаласы О. Жолдасбеков атындағы №9 лицейінің 8 сынып оқушысы Жолдасбекұлы Бекболат ЖЕҢІМПАЗ атанды. 

Бекболатты тағы да шын көңілмен құттықтаймыз! Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде қашықтан оқытуда ерекше жетістіктер көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Оқуда озат болуына тілектеспіз! Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта платформада тағы да түрлі байқаулар ұйымдастырылады, барынша белсенді болуға шақырамыз!