Ұстаздық жолдың қиындығы көп болғанымен, қызығы да аз емес. Өзге мамандықтардан ерекшелігі — бұл мамандықты жай ғана таңдап алып, еңбек ету мүмкін емес. Бұл мамандық өмірді мұғалім ретінде сүруді талап етеді. Қандай жағдай болмасын, ол жағдайға мұғалім ретінде қарайсың. Нағыз ұстаз балалардың бойындағы қасиеттері мен қабілеттерін дамыту үшін оның жүрегінің есігін ашатын кілттерді іздеумен болады. Мамандық таңдауда ұстаз мамандығын таңдаған жандарда “Дұрыс таңдадым ба? Бұл мамандық маған арналған ба?” деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін төменде ұсынатын фильмдерді көруге кеңес береміз. Кәдеңізге жарауы әбден мүмкін.
«Жүрегің шақырғанда»/«Когда зовет сердце» (Канада, Румыния, АҚШ)
2013 жылы режиссер Майкл Лэндон «Когда зовет сердце» фильмі арқылы көрерменге ерекше ой салуды мақсат еткен. Оны фильмнің атауынан-ақ байқауға болады. Өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеуіміз керек дейді, олар — жар таңдау және мамандық таңдау. “Мамандық таңдау қиынға соққан кезде, жүрегіңе құлақ сал, сол кезде барлық қиындықтан өтесің”- дейді режиссер М.Лэндон.
Фильмнің сюжетінде тәтесі мен жиенінің тағдыры көрсетіледі. Жас маман Элизабет Тэтчер ештеңеге қызықпай, шенеуіктің шешімімен Жабайы Батысқа баруға бұйырады. Дәулетті отбасында дүниеге келген соң, барлығынан бас тартып, кішкентай кеншілердің қаласына барып, мұғалім болу қиынға түседі. Ой үстінде жүрген кезде, кішкентай қалада мұғалім болған тәтесінің күнделігіне тап болады. Бір жыл ішінде ол балалар үшін ең жақын дос атанады, оларға көмектесу үшін бәрін жасағысы келетінін көреміз. Ешқандай қиындықтың оның рухын сындырмағанын көруге болады.
Элизабет арманын орындау үшін ұсынысқа келісім береді. Әкесі оған әлемде өз орныңды табудың қандай маңызды екенін айтып, әпкесі “Сен әлемді одан әрі жақсартасың!” деген сөздер айтады. Элизабет ардақты мамандық иесі атанып, кеншілердің балаларын дамыған әрі еркін өсіруді мақсат тұтады.
Екі мұғалім де көрерменге бірбеткей, мейірімді, тәрбиелі, балаларға бар ықыласымен көңіл бөліп, өмірін арнайтын ұстаз болып көрсетіледі.
Фильмде махаббат, қиындықтар, оқушының өлімі баяндалады. Дегенмен, фильм классикалық стильде түсірілген. Актерлердің рөлді керемет сомдауы, ғажап костюмдер мен әуендер бұл бейнекартинада толықтай қосылған.
Заманауи ұстаз өзгеше өмір сүреді, оған басқа талаптар да қойылады. Өзгермейтіні тек балаларға деген сүйіспеншілік.
«Бапкер»/«Тренер» (Россия, 2018, режиссер Данила Козловский)
“Тренер” фильмі ерекше эмоционалды. Кезкелген педагог, бапкер үшін ең маңызды қасиеттер — ірі планда көрсетілген. Ешқашан кейінге шегерілмеу, әр оқушы жайлы толыққанды білу, оның мықты тұстарын анықтау, онымен тіл табыса білу. Өз мүмкіндіктерін толыққанды пайдалана білу. Оқушыдан сырт айналу — оны өз-өзіне сендіруге қарағанда оңайырақ екенін үйрету. Әлемде мүмкін емес ештеңе жоғын түсіндіре білу — нағыз ұстаз бен бапкердің міндеттері осындай болмақ. Бұл фильмнің негізгі ойы: “Оқушысының жетістікке жетуі ұстаздың еңбек етуге деген құлшынысына тікелей байланысты!”. Ерекше атап өтетін жайт, бұл фильмде негізгі рөлдердің бірін біздің отандасымыз, талантты жас актер Аскар Ильясов сомдайды.
«Жыл мұғалімі»/«Учитель года» (Канада, США, 2003, режиссер Уильям Дир)
Оқушылардың мойындауы мен әріптестердің сыйластығына бөлену үшін не істеу керек? Ол үшін мұғалім оны қоршаған барлық жандарға құрметпен қарап, әр сабақты ерекше әдіспен, қызықты әрі қайталанбастай өткізу қажет. Бұл қасиет фильмнің бас кейіпкері Ди мырзаның бойынан табылады. Ол мектепте ең үздік ұстазды марапаттау рәсімінде қайтыс болған ең сыйлы әрі сүйікті ұстаздың орнына келеді.
Фильмде екі басты кейіпкер бар: олар — Ди мырза және жаратылыстану пәнінің мұғалімі, қайтыс болған ұстаздың ұлы Уорнер Мэтт мырза. Уорнер мырзаның мақсаты ең үздік ұстаз атанып, кубокка ие болу. Алайда, оқушылар арасында оның қадірі жоқ. Ол қатал, әзіл-сықақ сезімі жоқ, дәстүршіл, тіпті, кейде оқушыларға тәкәппарлықпен қарайды.
Фильмнің сюжеті тосыннан орын алады. Жаңадан келген ұстаздың шынайы бейнесін ашу барысында Мэтт оның өмірге, өз мамандығы мен оқушыларына деген көзқарасын өзгертетін қасиетке ие болады.
Уорнер Мэтт мырза өз оқушыларын түсіне бастайды, олардың өмірімен танысады, Ди мырзаның сабақ берудегі ерекше тәсілдеріне сүйенеді. Әрбір оқушысының бойынан ерекше қабілеттері мен қасиеттерін көре бастайды.
Фильмдегі нағыз ұстаз бейнесі жарқын, көрнекі, сапалы бейнеленген. “Не істеп жатқаныңызды уайымдамаңыз, қандай адам екеніңізді уайымдаңыз!”, “Білім алу нағыз ғажап құбылыс. Тек қана алға!” деген тіркестер көрерменнің көңілінен шыққаны сөзсіз. Бұл тіркестер таңдаған жолда сенімді әрі тура жүруге бағыттайды.
«Ауыстыруға келген мұғалім»/«Учитель на замену» (АҚШ, 2011, режиссер Тони Кей)
Фильм сюжеті бір мектептегі тұрақты мұғалімді ауыстыруға келген мұғалімнің өміріне байланысты құрастырылған. Бұл фильмде ауырмінезді жасөспірімдер оқитын мектеп туралы баяндалады. “Көбінесе бұл мектепте ештеңеге құлшынысы, қалауы және мақсаты жоқ балалар оқиды”- дейді мектеп психологы.
Дегенмен, балаларға білім беру керек. Фильмнің бас кейіпкері, мұғалім, Генри Барт, мектепке сенімді боп келеді. Мектепте еңбек етіп жүргенде, өз жолында тіл тигізулер, білім алуға құлшыныстың жоқтығы, жасөспірімдер тарапынан наразы мінез-құлық, дөрекілікке тап болады. Алайда, ол әр баланың бойынан жеке тұлға көре алатын нағыз мұғалім. Ол айналада болып жатқан әртүрлі жағдайларды ерекше сезінеді. Әр адамның өмірінде оған тірек бола алатын жан керек екендігіне сенімді. Себебі өзінің де балалық шағы қиын өткен-ді. Оның нағыз көмекшісі әрі ұстазы, оның азамат болуына септігін тигізген тірегі - анасы болған.
Өте әсерлі фильм. Түрлі тақырыптарды қамтиды: жалғыздық, түсініспеушілік, қатыгездік, мейірімділік, ата-ананың жатырқауы. Фильмде өз баласын тыңдамайтын, естімейтін, түсінбейтін, тәрбиелемейтін ата-аналарға жаңадан арнайы талаптар қойылу керектігі айтылады.
Мектепте балалар мен олардың ата-анасын мұғалімдер күтуде. Баланың жеке тұлғасын дамыту үшін оның ақыл-ойын дамыту керек екендігін мұғалімдер біледі. Атақ пен байлыққа ұмтылғаннан гөрі жеке тұлғаны дамытуға ұмтылу қажет. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналар мен ұстаздар біріге жұмыс жасаған жөн.
Генри Барт балалардың ішкі жан дүниесі мен олардың жүрегіне жол таба алады. Фильм драма стилінде болғанымен, бір оқушысының өлімі көрсетілгенімен, бас кейіпкердің ойлары ауыр болғанымен, үміт сыйлайды. Әлемде жақсы ұстаздар мен адамдардың барына үміт бар.
«Триумф: Рон Кларктің тарихы»/«Триумф: История Рона Кларка» (АҚШ, Канада, 2006, режиссер Рэнда Хейнс)
Жасап жатқан істеріміздің бәріне жеке қарым-қатынасымыз бар. Бұл ұранды керемет ұстаз Рон Кларк ұстанады. Бұл ұстаз - әр адамның өмірінде болуы тиіс мұғалімдердің бірі. Себебі ол үшін болашағы жоқ оқушы жоқ. Ол әр баламен тіл табысып, оның сеніміне кіруге, оны өз-өзіне сенуіне, армандауға, жетістікке жетуге сендіруге дайын. Оқушысымен мақтанатын мұғалім әр оқушысына “мен саған көмектесемін!” деп қолдап отырады.
Актерлер де өз рөлдерін керемет сомдаған, кейіпкерлердің мінезі толығымен жеткізілген, олардың жеткен жетістіктері қуаныш әрі мақтаныш сезімін сыйлайды.
Әр мұғалім Рон Кларк арқылы оқушылардың қандай ұстазды жақсы көретінін әрі сыйлайтынын байқай алады.