Әр адамның көкейінде арман бар, ойында сол арманға жеткізетін мақсат бар. Мақсаттарды дұрыс қоюдың және қалаған нәрсеге қол жеткізудің 5 тәсілі бар. Көптеген табысты тұлғалардың кеңесі бойынша мына дүниелерге назар салу қажет. Оқыңыз.
Біз алға қойған барлық мақсаттарға жете алмай, өзімізді жеп жатамыз. Бұл жердегі мәселе жалқаулық пен әлсіздікте емес, міндеттерді дұрыс тұжырымдай алмауда жатыр.
Біріншіден, мақсаттар санын азайтыңыз. Алдағы 90 күнде қол жеткізгіңіз келетін ең маңызды 5-6 мақсатты жазыңыз. Шамамен осы уақыт ішінде адам «қайта жүктеу түймесін» баспай-ақ маңызды мақсатқа көп көңіл бөле алады. Әрі, жетістіктің жолына жақындап, нақты нәтижелерді көре бастайды.
Екіншіден, негізгі мақсатты анықтаңыз. Яғни, өмірлік миссияны табу қажет. Мақсаттар – миссиядан туады. Миссия сізді үнемі алдыға тартып тұрады. Миссия уникальность табу керек. Миссия ұшталып, өткірленіп, нақтыланады. Миссияның басты функциясы – әр ісіңізге мән беру. Адам істен мән көрсе тиімді жұмыс жасай бастайды. Әрі, энергиясы көбейеді.
Үшіншіден, үнемі сұрақ қойыңыз. Сұрақ қою – өмір сүру. Адамның сұрағы таусылған сәтте, ол адам өспейді, өше бермек. Ең маңызды сұраққа жауап беріңіз: «Неге оған жету маңызды
Төртіншіден, жоспармен жүріңіз. Эрнст фон Фейхтерслебеннің «Жоспар – білімді адамдардың арманы» деген сөзін ұмыптаңыз.
Бесіншіден, энергияңызға көңіл бөліңіз. «Жетістікке жеткен адамдардың көбі ақылды емес, энергиясы көп» деген сөз бар. Қаншама арман-мақсаттарымыз бола тұра, оларға жете алмауымыздың себебі – энергияның жоқтығы. Біз тайм менеджментке көңіл бөлсек те, энергия менеджментке көңіл бөлмейміз. Энергия менеджменттің 4 түрі бар: физикалық, менталды, эмоцианалды, рухани. Егер жоспарыңыз бола тұра, көп істерге үлгермей жүрсеңіз осыларға мән беріңіз. Физикалық энергия жоғары болу үшін ұйқыны, тамақты жөндеп, денсаулыққа мән беру керек. Менталды энергияны құртатын – бітпеген істердің көптігі, айналаның шашылып жатуы, көп уәде беріп, орындамау. Ал эмоцианалдық энергия адамның ішкі реніштеріне, ішкі күйіне, оны қуантатын сәттердің көптігіне байланысты екен. Рухани энергияны әркімнің өз құдайымен байланысы деп түсіндірер ем.
Осы 5 қағида сізді шыңға шығарары анық. Тек ниетіңізге әрекет қоссаңыз болғаны. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып, қырдан аса алмайсың.